Бүгін Өскеменде кәсіби спортшылар арасында триатлоннан Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтті. Сайыста Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымент қалалары мен Ақмола, Шығыс-Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда және Түркістан облыстарынан келген 101 спортшы бақ сынады. Өскемен ұлттық біріншілік қатысушыларын күн шуақты ауа райымен қарсы алды. Су температурасы 19,3 °C болып, гидрокостюм...

30.05.2021

  Бүгін Арцакенада триатлоннан Әлем кубогының квалификациялық кезеңі мәресіне жетті. Қазақстан атынан шыққан жалғыз спортшы Арина Шульгина мәреге жете алмады. «Өкінішке орай, бүгін Арина сайысты аяқтай алмады. Жүзу кезеңіндегі көрсеткен уақыт белгіленген межеден асып кетті де, велокезеңде төрешілер спортшымыздың сайысын тоқтатты. Әрине, қателермен жұмыс...

29.05.2021

Ертең астана уақытымен сағат 14.30-да италияндық Арцакена қаласында триатлоннан Әлем Кубогының кезеңі басталады. Сайысқа әлемнің 34 елінен келген Elite санатындағы 125 спортшы қатысады. Квалификациялық додада Қазақстан атынан ұлттық құрама команда мүшесі Арина Шульина бақ сынайтын болады. Сайыскерлер 750 м жүзу, 19,3 км велосайыс және 5...

28.05.2021

30 мамырда Өскемен қаласында кәсіби спортшылар арасында триатлоннан Қазақстан Республикасының ашық чемпионаты өтеді! Сайыста Elite, U23, U19, U17 және U15 санатындағы спортшылар бақ сынайтын болады. U23, U19, U17 және U15 санатындағы спортшылар 300 м жүзу, 8 км велодода және 2 км жүгіруден құралатын суперспринт қашықтығында...

26.05.2021

Құрметті спортшылар! Қазақстандық Триатлон Федерациясы (әрі қарай – ҚТФ) Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігінің Ashyq жобасына қатысатындығын хабарлаймыз. Бүгіннен бастап ҚТФ бастамасымен және қатысуымен ұйымдастырылатын іс-шараларға сайыскерлер, ұйымдастырушылар мен ресми өкілдерді қосқанда Ashyq қосымшасы арқылы кіргізілетіндігін қуана хабарлаймыз. Жобаның...

20.05.2021

 COVID-19 байланысты Қазақстандағы жағдай біршама тұрақталғанымен жағдайды қолдан жіберуге болмайды. Үздіксіз денсаулығыңызды қадағалап, спортпен шұғылданып, дұрыс тамақтанып, иммунитетіңізді қорғап, жетілдіріп отыру қажет. Вакцинацияның сенімді қорғаныс жолы екендігі баршаңызға мәлім. Федерация қызметкерлері мен спортшылары үнемі жолда болып, сайысқанда әрі жарыстарды ұйымдастырғанда көптеген адамдармен қарым-қатынасқа түсетіндігін...

19.05.2021

Осы аптада ұлттық құрама команда Нұр-Сұлтанда оқу-жаттығу жиынын бастады. Жиын бас бапкер Нұржан Усипбектовың басшылығымен «Нқр-Сұлтан» олимпиадалық дайындық орталығының негізінде өткізілуде. Жиынға команданың негізгі және жасөспірімдер құрамасы қатысуда. Ол 27 мамырға дейін созылады. Жиынның аяғына қарай спортшылардың көбісі 30 мамырда Өскеменде супер-спринт қашықтығында өтетін ұлттық...

13.05.2021

2021 жылдың 12-13 маусымында Алматыдағы Сайран көлінде екі ірі триатлон сайыстары өтеді – Elite санатындағы спортшылар арасында Триатлоннан Қазақстан Республикасы Чемпионаты және Pro и Age Group спортшылары арасында «TEMIRADAM» Кубогының ІІ кезеңі. Сайыс ұйымдастырушылары – «Қазақстандық Триатлон Федерациясы» және «Almaty Triathlon Federation» қоғамдық бірлестіктері. «Самрұқ-Қазына»...

12.05.2021

Медицина мектебінің Спорт медицинасы, реабилитация және спорттық аналитика бағдарламасы  жұмысы өткен жылы басталды. Бүгінде бағдарламаның бірінші магистранттары Қазақстандық Триатлон Федерациясында өндірістік практикадан өтпек. Бұл қазақстандық триатлонның келешектегі ғылыми кадрлық капиталын қалыптсатырудаға үлкен бастама болып отыр. «Қазақстандық ғылым саласында спорттық медицина мен реабилитологияда зерттеушілік әрі аналитикалық...

5.05.2021

2021 жылдың 3-5 қыркүйегінде Орта Азияда алғаш рет астаналық Триатлон паркте триатлоннан Азия чемпионаты өтеді. Құрлықтық біріншілік 2021 жылғы триатлон маусымының басты додасы болмақ. Чемпионатта U19 (19 жасқа дейінгі), U23 (23 жасқа дейінгі) санатындағы спортшылар және Mixed Relay (эстафеталық командалар) қатыспақ. Он тоғыз жасқа дейінгі...

4.05.2021
Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi