TRIATLONNYŃ PAIDA BOLÝ TARIHY

19 February 2017

Заманауи триатлон концепциясы ХХ ғасырдың басында Францияда пайда болды. “L’Auto” газетінде 3 км жүгіру, 12 км веложарыс және Марна каналын жүзіп өтуді талап ететін “Les Trois Sports” атты сайысының өткізілгені туралы хабарланады.
Бүгінгі таңдағы Олимпиада ойынарының бағдарламасына кіретін заманауи модификацияланған триатлон үш кезеңнен құралады: жүзу кезеңі, веложарыс және жүгіру. Триатлонның жеке спорт түріндегі тарихының бастамасында жүзу кезеңі соңғы кезең болған. Веложарыс пен жүгіруден шаршаған спортшылар суда демалуға мүмкіндік алады деген пікір болған. Дегенмен, сайыстарға қатысатын спортшылар санының көбеюімен байланысты олардың өміріне қауіп төндіретін жағдайлар да көбейе бастады.

Сайыс кезеңдері

Жүзу
Жарыс жүзу кезеңінен басталады. Барлық қатысушылар су жағасынан тікелей, пантоннан немесе судың ішінде (ұзақ қашықтықтарда) жарысты бірге бастайды. Су температурасы төмендеп кеткен жағдайда, Халықаралық Триатлон Одағының (ITU) ережелеріне сәйкес қалыңдығы 5 мм-ге дейінгі арнайы гидрокостюмдерді пайдалануға рұқсат етіледі. Әдетте, жүзу бағыты үшбұрышты құрайды. Бұл үшбұрыш қалқыма белгілермен және сым арқандармен белгіленеді. Жүзу қашықтығын әдейі қысқартқан әрбір жағдайда айып ұпайлары берліеді, тіпті, ондай спортшы жарыстан шеттетілуі мүмкін. Споротшылар өздеріне ұнайтын кез-келген жүзу стилімен жарыса алады. Көбінесе бұл – құлаштап жүзу (кроль).

Веложарыс
Судан шыққаннан кейін спортшылар транзиттік зонада киімдерін ауыстырып, велосипедтеріне отырып, велокезеңді бастап кетеді. Қашықтық бойында тамақтану пункттері орналасады, алайда кәсіби спортшыларға техникалық көмек көрсетуге тыйым салынған. Қысқа қашықтықтағы триатлонда топтық сайыстарға арналған қарапайым тас жолға арналған велосипедтер пайдаланылады. Ironman брендімен өткізілетін жарыстарда кәсіби спортшылар велоспорттағы жеке сайысқа арналған велосипедтерге ұқсас велосипедтер пайдалануды жөн көреді. ITU ережелеріне сай тас жол велосипедтерінің рөліне қондырылған қысқа «аэробарларды» («жатақ», «лежак») пайдалану рұқсат етілген. «Аэробар» тежегіш тұтқаларды жалғайтын сызықтан асып кетпейтіндей қысқа болуы тиіс. «Аэробардың» сыртқа шошайып шығып тұрар ешбір бөлігі болмауы керек немесе ондай бөлшектері арнайы пластиктен жасалған ұстатқыштармен, болмаса екі қабат

оқшаулағыш таспамен оралған болуы қажет. Велоспорттағы жеке жарыс кезінде уақытша рұқсат етілетін ұзын аэробарларды пайдалануға тыйым салынады. Бұл ұзын аэробарлардың қысқа триатлонда спортшыға берер пайдасының аз болуымен байланысты. Олимпиада ойындарындағы триатлонда көшбасшылық етуге, яғни спортшылардың топ болып жарысуына рұқсат етілген. Ironman триатлон жарыстарында топ болып жарысуға тыйым салынған: әр спортшы алдында озып келе жатқан спортшыдан шамамен алғанда 10-15 метр қашықтықты ұстанып отыруы тиіс. Осылайша велосипедтің аэродинамикасының маңызы өте зор екендігін білеміз.

Бег
Жүгіру кезеңінің ең басты ережесі – спортшылар екі аяқпен ғана қозғала алады.

Кезеңнен кезеңге өту
Кезеңдердің ауысу реті ережелермен қатаң бекітілген: жүзу – велложарыс – жүгіру. Велосипедтерін дайындау немесе киім ауыстыру кезінде спортшылар өзге спортшыларға кедергі келтірмеулері тиіс. Велосипдетерді қолмен жылжытуға тек арнайы бөлінген зонада ғана рұқсат етілген. Велосипед шлемі веложарыстың басталған кезінен бастап, оны транзиттік зонадағы арнайы бөлінген бағанадағы орнына орнатылғаннан кейін ғана шешуге болады. Халықаралық стандарттарға сай жарыс кезінде жалаңаш дене бөлігін көрсетуге қатаң тыйым салынады. Веложарыс кезінде спортшы нөмірі оның арқасында, ал жүгіру кезінде кеудесінде болуы қажет. Спортшы әр кезеңді өтуге бөлінген шектелген уақыт аясында үлгеріп отыруы тиіс.

Жазалау
Жарыс кезінде спортшылар бір-біріне кедергі келтірмеуі қажет. Егер мұндай жағдай жүзу кезінде орын алса, кезең бітісімен спортшыны 30 секундқа тоқтап барып жарысты жалғастыра алады. Егер бұл жағдай веложарыс немесе жүгіру кезінде орын алса, спортшыға сары айып қағазы көрсетіледі. Айып қағазын көрген спортшы тоқтап, төрешінің рұқсатымен жарысты жалғастыра алады. Өзінің немесе өзге спортшылардың өміріне қауіп төндіретін іс-әрекеттер немесе қайталап ереже бұзған кезде спортшыға қызыл айып қағазы көрсетіліп, жарыстан шеттетіледі (дисквалификацияланады). Бір жарыс аясында екі сары айып қағазы көрсетілсе, ол автоматты түрде қызыл айып қағазына айналып, спортшы жарыстан қуылады.


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi