Antıdopıng

Қазақстандық Триатлон Федерациясының допингке қарсы миссиясы

Триатлонда тиым салынған әдістер мен заттарды қолдануды түбегейлі жою жолында Қазақстандық Триатлон Федерациясы өзінің допингке қарсы миссиясына көптеген уақыт, күш-қуат жұмсап келеді.

Соңғы уақытта триатлонда әрі жалпы спорт түрлерінде допингтің таралуын болдырмайтын түрлі механизмдер енгізіліп келетіні мәлім. Бұл механизмдердің барлығы триатлоншылардың тиым салынған заттарды пайдалануына жол бермеу үшін ойлап табылған.

Спортшылардың барлық спорт түрлерінде тиым салынған заттарды және әдістерді пайдалануы назар аударатын жағдай болып отыр. Әйтсе де, жылдық статистикаға сай әлемдік триатлоншылар, соның ішінде қазақстандық спортшылар да, WADA, World Triathlon және Қазақстандық Триатлон Федерациясының допингке қарсы ережелерін ұстанып, сол талаптарға сәйкес өз міндеттерін орындап келеді. Біздің спортымызда халықаралық деңгейде допингке байланысты ереже бұзушылықтардың аз болғандығын мақтан тұтатынымыз жасырын емес. Бұл ҚТФ медицина және антидопинг комитетінің жұмысы дұрыс бағытта жасалып жатқандығын дәлелдейді.

Қазақстандық триатлон федерацияның допингке қарсы бағдарламасын келешекте одан әрі жетілдіріп, спортта допингті мүлдем болдыртпауға күш жұмасамақ.

 

 


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi