Қазақстандық триатлоншы Еуропа кубогында күміс жүлде жеңіп алды

7 June 2021

Кеше Днепр қаласында Elite және Junior санаттарындағы спортшылар арасында триатлоннан Еуропа кубогы өтті. Сайыста әлемнің 22 елінен келген 88 спортшы сынға түсті. Олардың арасында қазақстандық триатлоншылар болды.

Junior санатында жасөспірімдер ұлттық құрамасының мүшесі Егор Крупяков 56 минут 23 секунд нәтиже көрсетіп күміс жүлде жеңіп алды. Бұл Крупяковтың World Triathlon бастамасымен өткізілген халықаралық сайыста алғаш рет додаға түсуі. Бірінші орынды латвиялық спортшы Артурс Лиепа (55 минут 48 секунд) алса, үшінші орында польшалық Марцин Штанглевич (56 мин. 46 сек.) алды.

Өзге спортшыларымыз да сайысты сәтті аяқтады: Данил Породнов 10-шы орында (58 мин. 47 сек.), Елдар Шекербек 14-орында (1 сағ. 00 мин. 23 сек.), Ислам Галиев 19-орында (1 сағ. 08 мин. 56 сек.) тәмамдады.

Қыздар арасында «алтынды» ресейлік Дария Фирсова (1 сағ. 02 мин. 46 сек.) иеленді. Екінші және үшінші орындарды украиндық спортшылар Мария Аха (1 сағ. 06 мин. 25 сек.) және Анастасия Терентьева (1 сағ. 07 мин. 43 сек.) алды.

Барлық нәтижелер www.triathlon.org сайтында көрсетілген.