Темір адамдар Сайран көлінде

12 June 2021

Алматыда кәсіпқой спортшылар арасында триатлоннан ел чемпионаты өтті

Алматыдағы бұл доданы Қазақстандық триатлоншылар екі жылдан бері күткен еді – өткен жыоы коронавирус пандемиясына байланысты еліміздегі барлық спорттық іс-шаралар болмаған еді.

Бұл жылы іс-шараның ұйымдастырушысы Қазақстандық Триатлон Федерациясына ұлттық чемпионаттарды қатаң медициналық бақылаумен өткізуге рұқсат етілді. Барлық сайыс қатысушылары Covid-19 вирусына ПЦР-тестілеуден өткен.

- Бүгін баршамыздың бір себеппен бір жағада жиналуымыз өмірдің жалғасып жатқандығын дәлелдейді! Ешқандай пандемия біздің спорт пен триатлонға шын берілгендігімзді тоқтата алмайды, - деді ашылу салтанатында Қазақстандық Триатлон Федерациясының вице-президенті Галимжан Есенов.

12 маусымда Сайран көліндегі додаға бірден Қазақстанның ... аймағынан келген ... триатлоншы түсті. Олар төрт санатта (Elite, U23, U19, U17) 750 м жүзу, 20 км велодода және 5 км жүгіруден тұратын спринт қашықтығында күш сынасты.

Бірінші болып сайысты Elite санатындағы ерлер бастады. Жанкүйерлер күткендей бұл санатта Ақмола облысының спортшылары топ жарды. Ерлер сайысының нәтижесі:

  1. Темирлан Темиров (Ақмола обл.) – 58 мин. 12 сек.;
  2. Мейрлан Искаков (Ақмола обл.) – 58 мин. 23 сек.;
  3. Аян Бейсенбаев (Ақмола обл.) – 58 мин. 28 сек.

Әйелдер арасында доданы ҚР бірнеше дүркін чемпионаы Екатерина Шабалина басқарды. Алматылық Юлия Озерова мен Дарья Бычковалар оған бәсекелес бола алмады. Нәтижесінде жүлделі орындар былайша үйлестірілді:

  1. Екатерина Шабалина (Нұр-Сұлтан) – 1 сағ. 07 мин. 27 сек.;
  2. Юлия Озерова (Алматы) – 1 сағ. 08 мин. 53 сек.;
  3. Дарья Бычкова (Алматы) – 1 сағ. 09 мин. 52 сек.

Өзге санаттағы спортшылар келесі нәтижелер көрсетті:

F-U17 санаты:

  1. Милена Саприна (Алматы) – 1 сағ.19 мин. 18 сек.;
  2. Лисана Савченко (ШҚО) – 1 сағ.19 мин. 43 сек.;
  3. Ева Пинчук (Нұр-Сұлтан) – 1 сағ. 21 мин. 20 сек.

M-U17 санаты:

  1. Максим Шмулич (Ақмола обл.) – 1 сағ. 06 мин. 03 сек.;
  2. Медхат Даиров (Ақмола обл.) – 1 сағ. 07 мин. 33 сек.;
  3. Арлан Жанабай (Ақмола обл.) – 1 сағ. 10 мин. 17 сек.

F-U19 санаты:

  1. Наталья Короткова (Ақмола обл.) – 1 сағ. 21 мин. 43 сек.;
  2. Аружан Аманжолова (Түркістан обл.) – 1 сағ. 23 мин. 19 сек.

M-U19 санаты:

  1. Егор Крупяков (Алматы) – 1 сағ. 02 мин. 15 сек.;
  2. Данил Породнов (Алматы) – 1 сағ. 03 мин. 06 сек.;
  3. Ерасыл Аманжолов (Түркістан обл.) – 1 сағ. 04 мин. 47 сек.

F-U23 санаты:

  1. Надежда Бекмаганбетова (Нұр-Сұлтан) – 1 сағ. 11 мин. 22 сек.;
  2. Айгерим Нургали (Түркістан обл.) – 1 сағ. 17 мин. 59 сек.

М-U23 санаты:

  1. Алихан Абусеит (Шымкент) – 1 сағ.  03 мин. 34 сек.;
  2. Бисултан Каиров (Нұр-Сұлтан) – 1 сағ. 08 мин. 38 сек;
  3. Владислав Кудин (Шымкент) – 1 сағ. 10 мин. 33 сек.

Кәсіпқой спортшылар енді Қостанайда өтетін ел біріншілігінде сынға түсетін болады. 17 маусымда мұнда Elite және U23 спортшылары арасында олимпиадалық дистанцияда ҚР триатлон Чемпионаты өтеді.

Сайыстар бас серіктестердің: «ҰӘҚ «Самрұқ-Қазына» АҚ, «Samruk Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры және «Eurasian Resources Group компаниялар тобы, сонымен қатар, Sport Qory» Спорт және туризм индустриясын қолдау қоры қаржылық серіктестің қолдауымен өткізілгенін естеріңізге саламыз.

Сайыстың толық нәтижелерімен мына сілетемеден танысуға болады.

 


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi