Қазақстандық Триатлон Федерациясы Ashyq жобасына қатысатын болады

20 May 2021

Құрметті спортшылар!

Қазақстандық Триатлон Федерациясы (әрі қарай – ҚТФ) Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігінің Ashyq жобасына қатысатындығын хабарлаймыз.

Бүгіннен бастап ҚТФ бастамасымен және қатысуымен ұйымдастырылатын іс-шараларға сайыскерлер, ұйымдастырушылар мен ресми өкілдерді қосқанда Ashyq қосымшасы арқылы кіргізілетіндігін қуана хабарлаймыз.

Жобаның басты мақсаты – коронавирус инфекциясының таралуын азайту және сіздердің ҚТФ іс-шараларында жүруіңізді барынша қауіпсіз ету.

Транзиттік зонаға кірерде және шығарда QR-кодты Ashyq қосымшасы арқылы сканерлеу қажеттігін ескертеміз.

Қалай жүктеуге болады?

  1. App store немесе Google play-дан Ashyq қосымшасын жүктеп алу.
  2. Телефон нөміріңіз арқылы тіркелу.
  3. ТЗ кіріп-шыққаныңызды тіркеу үшін «Кіру/Шығу регистрациясы» батырмасын басу.
  4. Ашылған парақшада клуб ресепшінінде орналасқан QR-кодты сканерлеу.
  5. Экранға шыққан статусты ТЗ төрешілерге көрсету.

Бұл қалай жұмыс істейді?

· жасыл статус – қонақ ПЦР-тестілеуден Covid-19 теріс нәтижесімен өткен қолданушы ретінде базада тіркелген;

· көк статус – ПЦР-тестілеудің қорытындылары жоқ, аурумен байланысы бар қолданушы ретінде тіркелмеген;

· сары статус – аурумен байланысы бар қолданушы ретінде тіркелген;

· қызыл статус – Covid-19 оң нәтиже көрсеткен қолданушы ретінде тіркелген.

Қосымша туралы толығырақ www.ashyq.kz сайтынан білуге болады.

Ashyq қосымшасын алдын ала жүктеп алуларыңызда өтініп сұраймыз, себебі, бұл қосымшасыз транзиттік зонаға кіруге рұқсат болмайды. Транзиттік зонаға тек жасыл және көк статустары бар сайыскерлер ғана кіргізілмек. Сары немесе қызыл статустары бар сайыскерлер транизттік зонаға кіргізілмей, сайысқа қатыстырылмайтындығын ескертеміз.

Сайыскерлер Келісімінің 5.7 пунктіне сәйкес сайыскерлер төлеген тіркеу жарнасы қайтарылмайды не басқа сайыстарға ауыстырылмайды. Сары немесе қызыл статустар шыққанда, төрешілердің талаптарын орындамағанда немесе транзиттік зонаға кіргізілмейді әрі тіркеу жарнасы да қайтарылмайды.

 

Сайыста кездескенше!

 


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi