Ташкентте триатлоннан Азия кубогы өтті

9 October 2021

Бүгін Ташкентте спринт қашықтығындағы триатлоннан Азия кубогы өтті. Кубок World Triathlon және Asia Triathlon бастамасымен Узэкспоорталығында өткізіліп, онда әлемнің 10 елінен келген 35 спортшы бақ сынады.

Ташкенттің ауа райы сайыскерлерді әбден сынап алды: таңнан бастап жаңбыр құйып, ауа термпературасы 10.6°C болса, су температурасы 16.5 °C ұстап тұрды. Гидрокостюм киім міндеттелді.

Өзбек астанасына Қазақстан атынан алты Elite спортшылары келген болатын әрі олар сайыстағы басты бәсекелес болып есептелді. Өкінішке орай, спортшыларымыздың ешбірінің бағы жанбады. Екінші нөмірмен сайысқа шыққан Екатерина Шабалина (01:11:21) соңғы орында қалса, Надежда Бекмаганбетова 01:09:31 уақытымен сегізінші орыннан көрінді. Үздік үштік қатарында польшалық Паулина Кильмас (01:01:16), Люксембург спортшысы Ева Дэниелс (01:01:44) және швейцариялық Лиза Берджер (01:02:42) сынды спортшылар көрінді.

Ерлер санатында қазақстандықтар арасындағы үздік нәтижені сегізінші орын алған Мейрлан Ысқақов (00:56:30) көрсетті. Оның артынша мәреге жеткен Дарын Қонысбаев (00:56:49) болды. Аян Бейсенбаев (00:57:15) он бірінші орында, Темирлан Темиров (01:00:31) он жетінші орында сайысты тәмамдады. Жеңіс тұғырынан марокколық  Бадр Сиване (00:55:32) көрінсе, екінші орында поляк Мацей Бруздзяк (00:55:36), үшінші орында украиндық Виталий Воронцов (00:55:41) болды.

Сайыстың барлық нәтижелері www.triathlon.org сайтында көрсетілген.


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi