Түркістанда триатлон маусымы ашылды

23 April 2022

Бүгін Түркістанда көпткен күткен триатлон маусымы ашылды. Кәсіби триатлоншылар арасындағы ұлттық кубоктың бірінші кезеңі Тұңғыш Президент саябағында өтті.

Сайысқа еліміздің жеті аумағынан келген 50 спортшы қатысты. Олар осы сайыста алғаш қолданылған абсолюттік есептегі спринт қашықтығында сынға түсті.

Әйелдер арасында астаналық Екатерина Шабалинаның бағы озды. Ол сайысты 01:08:02 уақытымен сайысты бірінші болып аяқтады. Екінші орынды 01:08:08 нәтижесімен қостанайлық Юлия Озерова алды. Үздік үштікті алматылық Дарья Бычкова (01:10:15) тұйықтады.

Ерлер арасындағы додада алматылық жігіттер бәрінен басым түсті. Ануар Турубаев 00:59:07 уақытта сайысты тәмамдап, жеңімпаз атанды. Екінші орында жеті секунд ұтылған Егор Крупяков болса, үшінші орында 2019 жылғы жастар арасындағы Азия чемпионы Александр Тен (00:59:31).

«Бүгін түркі әлемінің астанасына үлкен спорт мерекесі өтті. Осы қаламыздың орталығында, көрнекті жерлеріміз: кесененің айналасы, Бекзат Саттарханов даңғылымен мен жаңа мөлтек ауданда, осы зәулім ғимараттардың қасында осындай іс-шара өткізгеніңіз үшін көп рахмет. Сіздерге Түркістанның балалары қарап, үлгі алып, болашақта спортпен шұғылданса, мықты болып өседі деген сенімдемін», — деп пікірімен бөлісті Түркістан облысы әкімінің орынбасары С.А. Қалқаманов.

Сайысты қолдағандар: Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Спортты дамыту дирекциясы" РМҚК, Түркістан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, ERG Компаниялар тобы, основных премиум санатты жанармай стансаларының желісі, ҚР темір жол көлігі мен инфрақұрылымының операторы PTC Holding, Nomad TriClub әуесқой триатлоншылар клубы, Tassay тауар маркасымен «Юникс» ЖШС.

Сайыстың қорытынды хаттамасы www.triathlon.org.kz сайтында жарияланған.


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi