Қазақстандық Триатлон Федерациясы 2022 жылғы маусымға клубтарды тіркеуді ашық деп жариялайды

29 December 2022

Қазақстандық триатлон клубтарын ҚТФ клубтық жүйесіне қатысуға шақырамыз. Триатлон мен спортты жаныңыз сүйер мықты спортшылар тобы болсаңыз, тіркеуден өтіп, қызықты додаға түсуге шақырамыз.

Клубтар мен олардың мүшелері Age Group және PRO санаттарында “TEMIRADAM” Кубогы үшін додаға түседі. Ал PRO санатындағы рейтингтегі мықты споршылар кубоктың әр кезеңі мен жыл соңында қаржылай жүлдеге ие болады.

Клубтарды тіркеу екі кезеңнен құралатын болады. Бірінші кезеңдік тіркеуден өту үшін www.temiradam.com сайтына өтіп, берілген форманы толтыру қажет. Жаңа клубтардың өтініштері 2022 жылдың 15 қаңтарына дейін қабылданады.

2021 жылы клубтық жүйеге қатысқан клубтар келер маусымға қатысатындығын электронды пошта арқылы растауы қажет.

Толық ақпарат сілтеме бойынша көрсетілген. Сұрақтарыңыз болса, info@temiradam.com поштасына немесе +7 777 306 77 11 нөмірі бойынша хабарласыңыздар.