Ақтөбеде “TEMIRADAM” Кубогінің V кезеңі өтті

23 June 2019

Бүгін Ақтөбенің Бірлік пен келісім жасыл гүлзарлы саябағында ерекше атмосфера орнады. Мұнда “TEMIRADAM”  Кубогінің V кезеңі өтті. Қазақстанның түрлі аймақтарынан келген 39 әуесқой спортшы Халықаралық Олимпиада күнін өздерінше атап өтті: олар Ақтобе қаласының тарихында алғаш рет Қазақстандық Триатлон Федерациясының бастамасымен өткізіліп отырған сайыстың «спринтерлік» (750 м жүзу, 20 км велодарыс, 5 км жүгіру) қашықтығын бағындырды.

Ауа температурасының +34°С болып, күннің аптап ыстықтығына қарамастан, барлық сайыскерлер мәре сызығын сәтті кесті. Ал біздің сайыстарымызға үнемі қатысып жүрген спортшылар трассаның аса ауырға соқпағандығын айтты.

Абсолютті жеке есепте ерлер арасында үздік нәтижені М25-29 санатында сайысқан ақтөбелік спортшы Алексей Вшивцев көрсетті. Оның уақыты – 1 сағат 9 минут 33 секунд. Әйел сайыскерлер арасында мәреге бірінші болып Нұргүл Орынбасар (Ақтөбе) жетті. Ол қашықтықты 1 сағат 43 минут 36 секундта бағындырды.

Сайыстың толық нәтижелерімен www.triathlon.org.kz сайтында танысуға болады.