Тәжірибе алмасу мақсатында Өзбекстан триатлон федерациясының өкілдері астанамызға келді

11 April 2019

8-9 сәуірде Орта Азиялық Триатлон Ассоциациясы (САТА) аясындағы ынтымақтастықты жүзеге асыру мақсатында Өзбекстан триатлон федерациясының өкілдері Нұр-Сұлтан қаласын қонақтады.

Өзбекстан триатлон федерациясы төрағасының бірінші орынбасары Фаррух Насыров пен өзге де делегация мүшелері ҚТФ бас хатшысы Максим Крятпен және ҚТФ атқарушы директоры Асылжан Достияровпен кездесті. Кездесу барысында, өзбек әріптестеріміз Қазақстандағы триатлонның кеңінен дамып келетіндігін ерекше атап өтті және қазақстандық тәжірибеден алатындары көп екендігін айтты. Сонымен қатар, САТА аясында өзара ынтымақтастықты жүзеге асырудың басты мәселелері қарастырылды және де орта-азиялық чемпионаттар ұймдастыру мен өткізу, бапкерлер мен техникалық делегаттар арасындағы өзара кедергісіз тәжірибе алмасу мүмкіндіктері сынды т.б. сұрақтар көтерілді. Кездесу кезінде өзбек әріптестерге ерекше объект – «Триатлон парк Астана» таныстырылды.

Кездесу нәтижесінде екі жақ орта-азиялық аймақта триатлонды дамыту мен кеңінен насихаттауда өзара көмек көрсету туралы келісімге келді.


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi