Триатлон Қостанайға бет алды!

28 July 2022

Келесі старттар – триатлоннан Қазақстан Республикасының чемпионаты және ТЕМИРАДАМ кубогының VI кезеңі Қостанайда өтеді. 6-7 тамызда Тобыл өзенінің жағасында кездесеміз.  Спортшылар, әуесқойлар және Қостанай қаласының тұрғындары, біз сіздерді күтеміз!

Жарыстың бірінші күні аралас эстафетада «300 м жүзу, 8 км велоспорт, 2 км жүгіру» қашықтығы бойынша Элиталық санаттағы спортшылар өздерін сынап, U19 және U15 санаттары топтық стартпен супер спринтке шығады.

Екінші күн одан кем емес қызықты және сәтті күн болатынына сенеміз. Іс-шаралар аясында триатлонды танымал ету және дамыту мақсатында Чемпионат бағдарламасына спринт қашықтыққа (750 м жүзу, 20 км велоспорт, 5 км жүгіру) кәсіби және жас тобындағы спортшылар арасында жарыстар кіреді. Бұл бағдарлама Қазақстан бойынша өз шеруін жалғастырып жатқан TEMIRADAM кубогының VI кезеңіне қатысушыларға арналған. Бұған дейінгі кубоктар Түркістан, Талдықорған, Алакөл, Бурабай және Нұр-Сұлтан қалаларында өткен болатын.

Дода бағдарламасы:

5 тамыз

18:30-19:00 Элита, U19, U15 санаттарындағы спортшыларға старттық пакеттерін беру (бастау орны)

6 тамыз

8:00 – 8:15 U19 M, U19 F, U15 M, U15 F басталады

10:00 Элиталық старт

12:30 Элита, U19, U15 санаттарын марапаттау

17:00-19:00 Тіркеу, PRO санаттарындағы, жас тобындағы спортшыларға арналған старттық пакеттерін беру

7 тамыз

9:00-9:10 PRO M, PRO F, Жас тобы санаттарының басталуы

11:40 PRO, Age group, Challenge санатындағы спортшыларды марапаттау

Қатысушыларға арналған старттық пакеттері жарыс басталардан бір күн бұрын старт алаңында берілетінің  ескертеміз.

Жарыстарды ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті; «Спортты дамыту дирекциясы» мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, «Қазақстан триатлон федерациясы» ҚБ, Қостанай облысының Триатлон федерациясы және Қостанай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы.

Ақпараттық қолдау: Qazsport, Tengrinews.kz, Vesti.kz және WeProject.Media.

Сусын серіктесі: «Юникс» ЖШС Тассай суымен


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi