Додалы демалыстар

30 September 2019

Өткен демалыс күндер қазақстандық кәсіби спортшылармен қатар әуесқой спортшылар үшін де оқиғаға толы болды. Біздің триатлеттеріміз әлемнің түрлі қалаларындағы бірнеше сайыстарда сынға түсті.

Бірінші сайыс иордандық Акаба қаласында өтті. Бұл ITU және ASTC бастамасымен болған триатлоннан Азия кубогінің кезеңі еді. Өзінің керемет пейзаждары және көне ескерткіштерімен әйгілі Хашимит Корольдігіндегі «стандартты» қашықтықты бағындыруға әлемнің 27 елінен 60 Elite санатындағы спортшы бел буды. Олардың арасында ұлттық құрама мүшелері Аян Бейсенбаев пен Темирлан Темиров болды.

Ерлер санатындағы бірінші орынды ITU туының астында өнер көрсетіп жүрген Феликс Дюшамп (Felix Duchampt) иеленді. Дюшамп 1 сағат 49 минут және 50 секунд нәтиже көрсетті. «Күміс» жүлде 1 сағат 50 минут 14 секунд нәтижесі үшін германиялық Валентин Вернцке (Valentin Wernz) табысталды. Үздік үштікті жанкүйерлерімізге жақсы таныс серб спортшысы Огнен Стоянович (Ognen Stojanovich) тұйықтады. Шымкенттегі додада алтын алған, Алматыда үшінші болған Стоянович бұл жолы 1 сағат 50 минут және 39 секунд уақыт көрсетті. Аян Бейсенбаев 1 сағат 52 минут 27 секунд уақытымен жарысты 12-ші орында аяқтады. Ал Темирлан Темиров 25-ші нәтиже көрсетті – 1 сағат 58 минут және 14 секунд.

Әйелдер арасында үздік уақыт (2 сағат 04 минут және 22 секунд) неміс спортшысы Анника Кох (Annika Koch) көрсетті.  Оған 7 секундқа ұтылған польшалық Марта Лаговник (Marta Lagownik) екінші болды. 2 сағат 06 минут 36 секунд нәтижесін көрсеткен тағы бір неміс спортшы қызы Лена Мейснер (Lena Meißner) қола жүлдегер атанды.

29 қыркүйекте америкалық Мэрилэнд штатында Ironman 140.6 Maryland өтті. Мұнда Астана Триатлон Федерациясының бас хатшысы Саят Батпенов өзінің алғашқы «толықтай темір» қашықтығын бағындырды. Оның уақыты 15 сағат 18 минут 21 секундты құрады.

Осы күні Кашкайш (Португалия) курорттық қаласында Ironman 70.3 Cascais Portugal өтті. Бұл «жартылай темір» қашықтығын бағындыруға өзге 2183 сайыскер арасында қазақстандық әуесқойлар келді. Біздің спортшылармызы келесідей нәтижелер көрсетті:

  1. Аслан Абдрахманов (М30-34) – 4 сағат 34 минут 38 секунд;
  2. Эдуард Яблоновский (М50-54) – 6 сағат 17 минут 39 секунд;
  3. Акниет Байбоз (М25-29) – 6 сағат 24 минут 31 секунда;
  4. Евгений Казак (М25-29) – 6 сағат 37 минут 07 секунд;
  5. Ержан Әуезов (М30-34) – 7 сағат 41 минут 15 секунд.

Айта кетерлік жайт, Кашкайштағы дода биыл қатарынан үшінші жыл өтіп, қатысушылар саны рекордтық көрсеткішке жеткен. Осы додада қазақстандықтар арасында үздік нәтиже көрсеткен Аслан Абдрахманов өз жас санатында төртінші болды. PRO санатындағы әйелдер арасында британдық Эмма Палант (Emma Pallant) 4 сағат 18 минут 21 секундта мәреге жетіп абсолютті жеңімпаз атанды. Ерлер арасында испандық Хавьер Гомезке (Javier Gomez) тең келер ешкім болмады. Ол 3 сағат 51 минут 11 секундта мәреге жетті. Паллант пен Гомез өткен жылғы осы додада көрсетілген нәтижелер рекордын жаңартты.

 


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi