Шымкент — Ташкент сайысы болмайды

26 January 2022

Қазақстандық Триатлон Федерациясы барлық триатлоншылардың назарына коронавирустық инфекцияның таралуы мен мемлекеттік шекараны кедергісіз өтудегі тұрақсыз жағдайға байланысты Шымкент — Ташкент сайысының болмайтындығын хабарлайды.

Шымкент — Ташкент сынды халықаралық ірі дода тыңғылықты дайындықты талап етеді. Ташкенттік әріптестерімізбен біріге отырып бүгінгі таңға дейін осы жолда дайындық жүргізіліп келген еді. Бұл мемлекеттік органдармен жұмыс, техникалық шешімдер, өндіріс және т.б. Алайда бүгінгі жағдай сайысты толықтай болдыртпауға мәжжбүрлеп отыр, себебі, үшінші рет оны кейінге қалдыру дұрыс емес деп есептейміз.

Тіркелу жарнасы ретінде төленген барлық қаражат сайыскерлердің жеке кабинеттеріндегі виртуалды шоттарға аударылады. Бұл қаражатты триатлет лицензиясын немесе TEMIRADAM Кубогының басқа қызықты додаларына тіркелуге жұмсауларыңызға болады.

Сайысқа тіркеліп, оны асыға күткен әрбір спортшы осы шешіммен келісіп, TEMIRADAM сайыстар күнтізбесінен өзге додаларды таңдайды деген үміттеміз.


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi