Лицензиялардың онлайн түріне ауысатындығымызды хабарлаймыз

16 March 2022

​Триатлет лицензиясының иегерлерінің назарына!

Бүгінгі күннен бастап пластикалық карталардан бас тартып, лицензиялардың онлайн түріне ауысатындығымызды хабарлаймыз. Әйтсе де ҚТФ триатлет лицензиясының беретін бейілділік клубындағы артықшылықтардың барлығы сақталады, тек оның сыртқы түрі өзгереді.

Ендігіде рәсімдеп, төлем жасап болғаннан кейін спортшының жеке кабинетінде QR-код пен жеңілдік беретін серіктестердің логотиптері көрсетілген электрондық құжат пайда болады. Оның үстіне лицензияны гаджетіңізге өүктеп алып, қажетіңіге орай басып шығарсаңыз болады. Егер лицензия иесі пластикалық карта түріндегі лицензия түрін қажет десе, оның сұранысы бойынша пластикалық картаны шығартып беруге дайынбыз. 2022 жылғы әуесқой спортшылардың пластикалық лицензиясын шығару құны – 2000 теңгені құрайды. Лицензия құны арзандап, 18000 теңге болды.

Еске сала кетейік, ҚТФ қатысуымен немесе бастамасымен өткізілетін сайыстардың әрбір спортшылары ҚТФ триатлет лицензиясын алуға міндетті.. Бір реттік лицензия (5000 теңге) сайысқа тіркелу кезінде тікелей рәсімделеді. Жылдық лицензия www.triathlon.org.kz сайтындағы жеке кабинет арқылы жасалады. 


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi