Шымкент-Ташкент сайысына алдын ала тіркелу ашық

1 March 2021

Нағыз мықтыларға арналған триатлон додасы!

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 15.00-де www.cata-triathlon.org және www.temiradam.com сайттарында ШЫМКЕНТ – ТАШКЕНТ додасына АЛДЫН АЛА ТІРКЕЛУДІҢ ашылғандығын жариялаймыз.

11 сәуірде осы жылдың ең үлкен триатлон додасы болмақ. Сайыс қатысушыларын:

· Орта Азиялық Триатлон Ассоциациясының бастамасымен болғалы отырған алғашқы халықаралық дода;

· Орта қышықтықтағы қызықты маршрут: Шымкентте болатын 1200 м жүзу, Шымкенттен Ташкентке дейін 129 км веложарыс, Өзбекстан орталығында болатын 12 км жүгіру;

· Бай тарихы бар екі қаланың көрнекі жерлерін бір сайыстың аясында тамашалау мүмкіндігі және есте қаларлық жарқын эмоциялар күтуде!

Сайысқа Age Group санатындағы спортшылар мен эстафеталық командалар қатысады.

ӨТЕ МАҢЫЗДЫ!

АҚЫСЫЗ АЛДЫН АЛА ТІРКЕЛУ сайыскердің жеке кабинеті арқылы 15 НАУРЫЗҒА дейін жүргізіледі. Осылайша сайыскерлер өз орындарын брондайды. Қатысу төлемін сайысқа жақын уақытта төлеу қажет. Нақты төлеу уақытын қосымша хабарлайтын боламыз. 2020 жылы тіркелген спортшылар болғандықтан, орындар шектеулі.

Коронавирусқа қатысты жағдай тұрақсыз болғандықтан және де сайыскерлерді артық шығынға батырмау мақсатында алдын ала тіркелу ақысыз жүргізіліп отыр. Коронавирусқа қатысты сайыстың басқа уақытқа ауысуы немесе мүлдем болмай қалуы мүмкін екендігін ескертеміз.

Барлық сұрақтарыңыз бойынша тікелей хабарлама қалдыруларыңызды өтінеміз.