Бірінші деңгейлі төрешілерді оқыту курсы

5 February 2022

Триатлон төрешілерін оқыту және олардың біліктілігін арттыру бағдарламасын жүзеге асыруды жалғастырамыз. Осыған орай бірінші деңгейлі триатлон төрешілерін даярлау онлайн курсы өткізілетінін хабарлаймыз. Курс 7 және 11 ақпан аралығында бірнеше дәрістер түрінде өтпек.

Дәрістерді ҚТФ Төрешілер комитетінің төрағасы Михаил Кузнецов жүргізеді.

Курс аяқталғаннан соң тыңдаушылар тестілеуден өтудері қажет. Қажетті балл жинаған қатысушыларға курсты сәтті аяқтағаны туралы сертификаттар табысталады.

Кесте:

  • 7 ақпан - 13:00–13:30 – Жүзу және велосипед кезеңдерінің төрешілері.
  • 9 ақпан - 13:00–13:30 – Жүгіру кезеңі мен транзиттік зонаның төрешілері.
  • 11 ақпан - 13:00–13:30 – Мәре және жазалау зоналарының төрешілері.

Барлық оқырмандарымызға тіркелу 6 ақпан Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 18:00 дейін www.triathlon.org.kz сайтында ашық.

ZOOM платформасына сілтеме 6 ақпанда тіркелу жабылғаннан кейін қатысушылардың электронды пошталарына жіберіледі.

Барлық сұрақтарыңыз бойынша info@triathlon.org.kz. поштасына жазыңыз.


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi