Дарын Қонысбаев кезекті жеңіс тұғырынан көрінді

9 September 2019

Ниццада Ironman 70.3 чемпионын анықтап жатқан уақытта Украинаның Львов қаласында халықаралық турнир өтті. Lviv Triathlon Cup 2019 Кубогінің финалы 210 кәсіби және әуесқой спортшылардың басын қосты. Олар түрлі қашықтықтарда күш сынасты.

Кәсіби спортшылар санатында үздік нәтижені қазақстандық спортшы, ұлттық құрама мүшесі және ұлттық рейтингтің көшін бастаған Дарын Қонысбаев көрсетті. Ол 1500 м жүзу, 40 км веложарыс пен 10 км жүгіруден құралған «стандартты» қашықтықты 1 сағат 57 минут және 56 секундта бағындырды. Дарынға 1 минуттай жеңілген украиндық спортшы Юлиан Демьянов екінші атанды. Үздік үштікті 2 сағат 01 минут 50 секунд уақыты үшін Антон Блохин (Украина) көрсетті.

Әйелдер арасындағы жүлделі орындарды жергілікті спортшылар алды. Бірінші орынды Дарина Москаленко 2 сағат 12 минут және 18 секунд нәтижесімен жеңіп алды. Күміс жүлде 2 сғат 14 минут 41 секунд нәтижесі үшін Марина Соколоваға табысталды. Үшінші болып мәреге Карина Евтушенко жетті. Оның уақыты 2 сағат 19 минут және 42 секунд.

 


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi