Ұлттық құрама мен ҚТФ командасы COVID-19 қарсы бүкілхалықтық вакцинацияға қосылды

19 May 2021

 COVID-19 байланысты Қазақстандағы жағдай біршама тұрақталғанымен жағдайды қолдан жіберуге болмайды. Үздіксіз денсаулығыңызды қадағалап, спортпен шұғылданып, дұрыс тамақтанып, иммунитетіңізді қорғап, жетілдіріп отыру қажет. Вакцинацияның сенімді қорғаныс жолы екендігі баршаңызға мәлім.

Федерация қызметкерлері мен спортшылары үнемі жолда болып, сайысқанда әрі жарыстарды ұйымдастырғанда көптеген адамдармен қарым-қатынасқа түсетіндігін ескере келе вакцинация – қоғамның игілігі үшін жасалған дұрыс шешім болып табылады. Бүгін ұлттық құрама командасы мен ҚТФ қызметкерлері COVID-19 қарсы бүкілхалықтық вакцинацияға қосылып, бүгін «Спутник V» вакцинасының екінші құрамын салдыртты.

«Бүгін вакцина ектірдім. 30 минут өтті, өзімді жақсы сезініп тұрмын. Өзіңді қоршаған жандардың игілігін ойлау – әрбір Қазақстан азаматының парызы деп ойлаймын. Өзіңізді жақсы көріңіз! Жақындарыңызды жақсы көріңіз! Баршаңызға денсаулық тілеймін!» - деп пікір білдірді ҚТФ бас хатшысы Максим Крят.

Вакцинация жайында видеорепортажымызды YouTube арнамыздан сілтеме бойынша көріңіздер

University Health Center КФ University Medical Center орталығына алғыс білдіреміз.


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi