Арина Шульгина мен Аян Бейсенбаев триатлоннан ұлттық чемпионатта жеңіске жетті

10 April 2021

Бүгін Шымкентте пандемия басталғаннан бергі Қазақстандық Триатлон Федерациясының бастамасымен ұйымдастырылған Триатлоннан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Сайыста Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақмола және Қостанай облыстарынан келген Elite санатындағы (кәсіби) 17 спортшы бақ сынады. Сайыскерлер 300 м жүзу, 8 км велосайыс және 2 км жүгіруден тұратын супер-спринт қашықтығында чемпиондық атақ үшін додаға түсті.

Шымкентұлттық біріншіліктің қатысушыларын күншуақты ауа-райымен қарсы алды. Санитарлық талаптарды әрі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында спортышлар өзара 2 минуттық үзіліспен сайысты бастады.

Әйелдер сайысы

Әйелдер сайысында күтпеген тосын сыйлар болмады. Сайыс басталғаннан үздік болған алматылық Юлия Озерова бірінші орынды ұстап тұра алмады. Веложарыста Қостанай облысынан келген Арина Шульгина алға шығып, жүгіруде де үздік бола білді. Ол 26 мин. 42 сек. нәтижесімен чемпион атанып, алтын алқа тағынды. Екінші орынды Нұр-Сұлтаннан келген Екатерина Шабалина иеленді. Оның уақыты – 27 мин. 24 сек. Үздік үштікті 28 мин. 48 сек. нәтижесімен Юлия озерова тұйықтады.

Ерлер сайысы

Ерлер санатында жүзу кезеңінен кейін көш басын Ақмола облысының тумасы Аян Бейсенбаев өз қолына алды. Аян орнын сақтап, алтын медаль иесі атанды. Жеңімпаздың уақыты – 23 мин. 53 сек. Екінші және үшінші орындар үшін бәсекелі айқас болды. Жүгіру кезеңі басталмастан екінші орыннан Темірлан Теміров (Ақмола облысы) үмітті еді. Бірақ чемпионаттағы үздік жүігур нәтижесі (6 мин. 20 сек.) Дарын Қонысбаевқа күміс жүлде әкелді. Қола жүлде тағы бір Көкшетаудың өкілі Мейрлан Ысқақовқа (24 мин. 12 сек.) табысталды.

Сайыстың барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып өткізілгенін атап өткен жөн. Ұйымдастырушыларды қоса алғанда барлық қатысушылар алдын ала коронавирусқа ПЦР текст тапсырды.

Шымкентте өткен чемпионат – қазақстандық кәсіқой спортшылар үшін пандемиядан бергі маусым ашылуы. Ұлттық құрама ендігіде 23-25 сәуірде жапондық Хатцукаичиде өтетін Азия чемпионатында сынға түспек.

Сайыстар бас серіктестердің: «ҰӘҚ «Самрұқ-Қазына» АҚ, «Samruk Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры және «Eurasian Resources Group компаниялар тобы, сонымен қатар, Sport Qory» Спорт және туризм индустриясын қолдау қоры қаржылық серіктестің қолдауымен өткізілгенін естеріңізге саламыз.


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi