Шымкентте триатлоннан ұлттық біріншілік өтті

7 May 2022

Бүгін Шымкентте триатлоннан ұлттық чемпионат өтті. Біріншілікке еліміздің он бір аймағынан келген 134 спортшы қатысты. Сайыскерлер супер спринт қашықтығында бақ сынасты. Шымкент сайыскерлерді ыстық ауа-райымен қарсы алып, қашықтықтағы сынақты күределендірді.

Элит санатындағы ерлерде бірінші орынды 0:24:48 уақытымен Иван Тутукин (Қостанай обл.) алды. Ануар Турубаев (0:25:12) ару қала Алматыға күміс жеңіп алды. Үшінші орынды Александр Автушко (Шымкент, 0:26:12) жеңіп алды.

Осы санаттағы әйелдер арасында көпшілік күткендей жеңіс тұғырына 0:27:20 уақыт көрсеткен астаналық Екатерина Шабалина мінді. Жеңімпазға бір минуттай жеңілген шымкенттік Арина Шульгина екінші орынды қанағат тұтты. Үздік үштікті алматылық Дарья Бычкова (0:29:21) тұйықтады.

Жасы кіші спортшылар да өз күшін сынап, ақтық хаттамадағы сәйкес орындарға ие болды.

U23-F

  1. Юлия Озерова (Қостанай обл.) — 0:28:57;
  2. Надежда Бекмаганбетова (Нұр-Сұлтан) — 0:28:58;
  3. Аружан Аманжолова (Түркістан обл.) — 0:33:11.

U23-М

  1. Даниил Зубцов (Қостанай обл.) — 0:25:39;
  2. Алихан Абусеит (Шымкент) — 0:25:47;
  3. Ерасыл Аманжолов (Түркістан обл.) — 0:26:11.

U19-F

  1. Милена Саприна (Алматы) — 0:30:02;
  2. Ева Пинчук (Нұр-Сұлтан) — 0:30:50;
  3. Анастасия Захарова (Ақмола обл.) — 0:31:44.

U19-М

  1. Егор Крупяков (Алматы) — 0:24:38;
  2. Александр Тен (Алматы) — 0:25:00;
  3. Арлан Жанабай (Ақмола обл.) — 0:25:49

U17-F

  1. Диана Ержанова (Нұр-Сұлтан) — 0:30:40;
  2. Ангелина Редченко (Ақмола обл.) — 0:31:01;
  3. Вероника Иванюк (Шымкент) — 0:31:51.

U17-М

  1. Никита Дубинский (Ақмола обл.) — 0:26:23;
  2. Эрик Раскулов (Ақмола обл.) — 0:26:28;
  3. Станислав Глок (Ақмола обл.) — 0:27:15.

U15-F

  1. Анель Исабаева (Ақмола обл.) — 0:30:40;
  2. Юлиана Петрова (Ақмола обл.) — 0:30:41;
  3. Виолетта Решетняк (Ақмола обл.) — 0:31:41.

U15-М

  1. Сергей Петров (Ақмола обл.) — 0:28:24;
  2. Дархан Сакен (Нұр-Сұлтан) — 0:28:37;
  3. Алмас Савет (Ақмола обл.) — 0:28:44.

Чемпионаттың қорытынды хаттамасымен Қазақстандық Триатлон Федерациясының сайтынан танысуға болады.