Қазақстандық спортшылар Азия чемпионатында тағы бір алтын жеңіп алды

22 June 2019

Кенджуда өтіп жатқан триатлон бойынша Азия чемпионатының үшінші күні аяқталды. Бүгін сайыс алаңына ең жас спортшылар шықты. Он бес жасқа дейінгі спортшылар «супер-спринт» (400 м жүзу, 10 км вело, 2,5 км жүгіру) қашықтығын бағындырды. Сонымен қатар аралас эстафеталық командалар арасында сайыс болды.

Барлығы 19 эстафеталық команда жүлделі орындар үшін сынға түсті. Қазақстан атынан екі команда шықты: бірінші команда құрамында Дарын Қонысбаев, Дарья Бычкова, Аян Бейсенбаев, Ашраф Камалова болса, екіншісінің құрамында Семен Пивоваров, Ғазиза Кумакбаева, Мейрлан Искаков, Надежда Бекмағанбетова болды. Командалар жүзу кезеңін бірлесе аяқтап, транзиттік зонаныі тар кіреберісінде қыздар соғысып қалды. Сол себепті 2 минутқа қалып қойды. Команда құрамындағы спортшыларбар күштерін салып, қалып қойған уақытты қысқартты да 6-шы орында мәре сызығын кесті.

Бәсекелі сайыста алдына жан салмаған Александр Тен күн қаһарманы болды. Ол жүзу кезеңін біріншілердің қатарында аяқтап, вело кезеңде Гонконг пен Оңтүстік Кореялық спортшылармен бірлесе отырып алдыға озып шықты. Ақырғы кезеңде жас чемпион Оңтүстік Кореялық қарсыласының қолынан жүлделі бірінші орынды жеңіп алды.

Қазақстандық құрама команда үшін жүлделі орындарға бай болған триатлоннан Азия Чемпионаты өз мәресіне жетті. Қазақстанның қанжығасында Дарын Қонысбаев пен Александр Теннің екі алтын медальдары, Арина Шульгина мен Мейрлан Искаковтың екі қола жүлделері бар. Чемпионат нәтижесінде Қазақстан бейресми жалпы командалық есепте екінші орынға орналасты.