Жаңа маусым алдындағы қызу дайындықтар

7 December 2019

Ұлттық құрама команда 24 қараша мен 11 желтоқсан аралығында Алматы облысындағы АИБА Бүкіләлемдік бокс академиясында оқу-жаттығу жиынын өткізуде. Жиын ұлттық құраманың бас бапкері Андрей Глущенконың басшылығымен өтіп жатыр. Оған құрама жаттықтырушысы Нұржан Үсіпбеков көмек беруде.

Команда құрамында: Дарын Қонысбаев (Нұр-Сұлтан), Семен Пивоваров (Қостанай), Даниил Зубцов (Қостанай), Әлихан Әбусейт (Шымкент), Ерасыл Аманжолов (Түркістан облысы), Александр Автушко (Шымкент), Арина Шульгина (Нұр-Сұлтан) и Ғазиза Кумакбаева (Алматы).

«Спортшылар күрделі жаттығу кезеңінен өтуде. Жаттығу процессі үш мезгіл жүргізіліп жатыр. Жүзу, жүгіру, жалпы физикалық дайындық жаттығуларын жүргізумен қатар, су полосы мен баскетбол ойнау арқылы да жаттығып жатырмыз. Бүгінгі таңда команда алдында тұрған басты мақсат – жүзу дайындығымыздың деңгейін жақсарту. Сол себептен жүзу жаттығуларына аса көп назар аударып жатырмыз. Спортшыларға желтоқсан айында аз дегенде 150 км, ал қаңтарда 200 км жинақтау тапсырмасын бердім. 2020 жылғы маусымды 21 ақпанда Тайландта өтетін Азия кубогінен бастауды жоспарлап отырмыз.» - деді бас бапкер Андрей Глущенко.

Сонымен қатар, бас бапкер спортшылар медициналық тексерумен қатар, PROSPORT заманауи спорттық медицина, дайындық және сауықтыру орталығының негізінде функционалды тестілеуден өтетінінң хабарлады. Одан кейін спортшылар дайындық жұмыстарын Нұр-Сұлтан қаласында жалғастыратын болады. Оқу-жаттығу жиыны ҚР Ұлттық Олимпиадалық Комитеті мен АИБА Бүкіләлемдік бокс академиясының қолдаумын өтіп жатыр.

 


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi