Жыл спортшысы мен сайысы. Сауалнама

11 December 2019

Қазақстандық Триатлон Федерациясы 2019 жылдың үздік триатлеті мен сайысын анықтау мақсатында спорт сүйер қауым арасында сауалнама жүргізеді.

Триатлон жанкүйерлері 2019 жылдың біздің триатлонымыз үшін қаншалықты маңызды әрі қызықты болғандығынан  хабардар. Федерация төрт халықаралық жарысты қоса алғанда 15 сайыс өткізді. Триатлонға қызығушылық танытып отырған жасөспірімер мен әуесқоййлардың саны артты. Триатлон халық арасында танымалдылыққа ие спорт түріне айналды.

Осы спорт түрінің дамуына басшылық етіп отырған ұлттық федерация ретінде ерекше көзге түскен спортшы мен үздік сайысты атап өтуді жөн көрдік. Дауыс беру 19 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 23.59-да жабылады. Әрбір дауыс беруші үздік спортшы мен сайысқа бір-бірден дауыс бере алады. Жеңімпаздар 20 желтоқсанда жарияланатын болады.

 

 «Жыл спортшысы» номинанттары

Арина ШУЛЬГИНА, ұлттық құрама мүшесі

Нұр-Сұлтан қаласы

2019 жылдағы жетістіктері: Ченгдуда (Қытай) өткен Әлем Кубогінің кезеңінде, Алматыдағы Азия Кубогінің кезеңінде, Сокчода өткен (Оңтүстік Корея) Шығыс Азия Чемпионатында алтын жүлделер және Кенджуда (Оңтүстік Корея) өткен Азия Чемпионатында қола жүлде жеңіп алды. Арина қазақстандық әйелдер триатлоны тарихында алғаш рет Азия біріншілігінде медаль жеңіп алған спортшы.

Дарын ҚОНЫСБАЕВ, ұлттық құрама мүшесі

Нұр-Сұлтан қаласы

2019 жылдағы жетістіктері: ұлттық рейтингтің көшбасшысы, 2019 жылғы Қазақстан чемпионаттарының (Қапшағай, Орал) жеңімпазы, Триатлоннан ҚР V Жазғы Спартакиадасының күміс жүлдегері және Азия Чемпионатының (Кенджу, Оңтүстік Корея) 23 жасқа дейінгі спортшылар санатында алтын медаль иегері.

Александр ВИНОКУРОВ, Олимпиада чемпионы, әуесқой триатлоншы, Қазақстандық Триатлон Федерациясының құрметті мүшесі

2019 жылдағы жетістіктері: өз жас тобында бірден Ironman 70.3 World Championship Nice және Ironman World Championship Kona атты екі Әлем чемпионаттарында жеңіске жетті. Бұрын соңды бір де бір қазақстандық спортшы жетпеген Александр Винокуровтың бұл жетістігі әуесқойлық триатлонымызды жаңа бір деңгейге көтеріп тастады.

«Жыл сайысы»

  1. Қысқы триатлоннан Қазақстан Республикасының Чемпионаты 24 ақпан, Нұр-Сұлтан
  2. «TEMIRADAM» Кубогінің І кезеңі 27-28 сәуір, Түркістан облысы, Кентау 
  3. «TEMIRADAM» Кубогінің ІІ кезеңі 11-12 мамыр, Тараз
  4. Триатлоннан Қазақстан Республикасының Чемпионаты 18-19 мамыр, Алматы облысы, Қапшағай
  5. Азия Кубогі - «TEMIRADAM» Кубогінің ІІІ кезеңі 25-26 мамыр, Шымкент
  6. Әлем Кубогі - «TEMIRADAM» Кубогінің ІV кезеңі 15-16 маусым, Нұр-Сұлтан
  7. «TEMIRADAM» Кубогінің V кезеңі 22-23 маусым, Ақтөбе
  8. «TEMIRADAM» Кубогінің VI кезеңі 6-7 шілде, Бурабай
  9. BI Group Ironman 70.3 Astana 14 шілде, Нұр-Сұлтан
  10. «TEMIRADAM» Кубогінің VІІ кезеңі 20-21 шілде, Қарағанды
  11.  Азия Кубогі - «TEMIRADAM» Кубогінің VІІІ кезеңі 3-4 тамыз, Алматы
  12. «TEMIRADAM» Кубогінің IX кезеңі 10-11 тамыз, Орал
  13. «TEMIRADAM» Кубогінің X кезеңі 17-18 тамыз, Өскемен
  14. Триатлоннан Қазақстан Республикасының Чемпионаты 24-25 тамыз, Павлодар
  15. «TEMIRADAM» Кубогінің финалы 22 қыркүйек, Ақтау

Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi