Әуесқой триатлоншылардың 2020 жылғы сайыстары пандемияға байланысты болмайды

19 June 2020

Қазақстандағы COVID-19 жұқтырғандар санының өсуіне және бірнеше аймақтарда карантиндік шаралардың күшейтілуіне байланысты, Қазақстандық Триатлон Федерациясы 2020 жылғы әуесқой спортшылардың сайыстарының болмайтындығын жариялайды. Әуесқой спортшылар үшін сайыстарға қатысудың маңғызды екендігін ескере отырып, федерация бүгінгі күнге дейін Age Group сайыс кестесін сақтап, сайыстарды ұйымдастыруға ұмтылды. Дегенмен, жағдай ҚТФ-ның да, триатлоншылардың да жоспарларына өз әмірін жүргізді. Мұндай шешім бірінші кезекте спортшылар, ұйымдастырушылар, ресми өкілдер мен жанкүйерлердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында туындап отыр.

ҚТФ шотына төленген барлық тіркелу жарналары спортшыларға қайтарылады. Төленген сомманы қайтару үшін федерация 22 маусымда жіберетін поштаңыздағы хатқа назар аударуларыңызды сұрайды.

2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін жарамдылық мерзімі бар Age Group санатындағы триатлет лицензиялары 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін автоматты түрде созылады. Лицензияны жаңартудың қажеті жоқ.

Ескере кетсек, жыл басында жарияланған сайыстар күнтізбесі әуесқойларға географиясы кең әрі қызықты маусым ұсынған болатын. Бірақ наурызда елде төтенше жағдай орнатылуына байланысты барлық сайыстар белгісіз уақытқа кейінге қалдырылған болатын. Кейін жаңартылған күнтізбе бойынша да сайыстардың ұйымдастырылуы да мүмкін еместігі бегілі болды. Мұның басты себебі – коронавирус инфекциясын жұқтырғандар санының 16 000 адамнан асып, жағдайдың тұрақсыз болуы. Ендігі әуесқойлар біріншіліктері жаңа маусымға қалдырылды. Жаңа күнтізбе 2021 жылдың басында шығарылады деп жоспарланып отыр. Elite санатындағы спортшыларға арналған ҚР Чемпионаттары жағдайдың тұрақтауына орай өткізілетін

Өз кезегінде, федерация командасы Age Group санатындағы спортшылар келесі маусымға белсенді түрде дайындалуды жалғастырады деген үмітпен баршаңызға нәтижелі жаттығу мен спортқа толы күндер көп болсын деген тілек білдіреді.

 


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi