«TEMIRADAM» Кубогының ІІ кезеңіне тіркелуге шақырамыз!

1 April 2021

«TEMIRADAM» Кубогының ІІ кезеңіне тіркелуге шақырамыз!

Әуесқой спортшылар арасында танымал сайыс 13 маусымда Алматыда болады деп жоспарланып отыр. Pro және Age Group санатындағы спортшылар триатлонның 750 м жүзу, 20 км веложарыс пен 5 км жүгіруден тұратын спринтерлік қашықтығын бағындырады.

Тіркелу www.temiradam.com сайтында жүргізіліп жатыр.

МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ!

Алдын ала тіркелу сайыскердің жеке кабинеті арқылы 3 маусымға дейін АҚЫСЫЗ өткізіледі. Бұлайша өз орныңызды брондайсыз. Сайысқа қатысу төлемін сайыс болатын уақытқа қарай төлеу қажет. Ол күн қосымша хабарланатын болады. ҚТФ клубтық жүйесінде тіркелген клубтар үшін Age Group санатында 7 орын бөлінеді.

Ақысыз алдын ала тіркелу коронавирусқа қатысты құбылмалы жағдайға байланысты әрі сайыскерлерді артық шығынға батырмау мақсатында жүргізіліп отыр. Ұйымдастыру комитеті COVID-19 қатысты жағдайдың толықтай тұрақталмауына орай сайыстың басқа күнге ауысу мүмкіндігін немесе мүлдем болмай қалу ықтималдығы бар екендігін ескертеді.

Сұрақтарыңыз болса бізге тікелей direct-ке жазыңыз.

 


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi