Павлодардағы "TEMIRADAM" Кубогының V кезеңіне тіркелу

13 April 2021

​Павлодарда бәсекелі дода болмақ!

Павлодарда орта қашықтықтағы (1,9 км жүзу, 90 км веложарыс, 21,1 км жүгіру) «TEMIRADAM» Кубогының V кезеңі өтеді. Сайыс 52 шілдеде болады.

Эстафеталық командалар, Pro және Age Group санатындағы спортшыларды АЛДЫН АЛА ТІРКЕЛУГЕ шақырамыз. Сілтеме профиль басында көрсетілген.

МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ!

Алдын ала тіркелу сайыскердің жеке кабинеті арқылы 15 шілдеге дейін АҚЫСЫЗ өткізіледі. Бұлайша өз орныңызды брондайсыз. Сайысқа қатысу төлемін сайыс болатын уақытқа қарай төлеу қажет. Ол күн қосымша хабарланатын болады. ҚТФ клубтық жүйесінде тіркелген клубтар үшін Age Group санатында 7 орын бөлінеді.

Ақысыз алдын ала тіркелу коронавирусқа қатысты құбылмалы жағдайға байланысты әрі сайыскерлерді артық шығынға батырмау мақсатында жүргізіліп отыр. Ұйымдастыру комитеті COVID-19 қатысты жағдайдың толықтай тұрақталмауына орай сайыстың басқа күнге ауысу мүмкіндігін немесе мүлдем болмай қалу ықтималдығы бар екендігін ескертеді.

Сұрақтарыңыз болса бізге тікелей direct-ке жазыңыз.


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi