Бурабайда өтетін «TEMIRADAM» Кубогының ІІІ кезеңіне тіркелу ашық

6 April 2021

Бурабайда өтетін «TEMIRADAM» Кубогының ІІІ кезеңіне тіркелу!

Ақмола облысындағы Бурабайда 11 шілдеде өтетін TEMIRADAM» Кубогының ІІІ кезеңіне алдын ала тіркелуді ашық деп жариялаймыз. Сайыс 1500 м жүзу, 40 км веложарыс, 10 км жүгіруден тұратын стандартты қашықтықта болады.

Сайысқа сілтеме бойынша тіркеле аласыз.

МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ!

Алдын ала тіркелу сайыскердің жеке кабинеті арқылы 1 шілдеге дейін АҚЫСЫЗ өткізіледі. Бұлайша өз орныңызды брондайсыз. Сайысқа қатысу төлемін сайыс болатын уақытқа қарай төлеу қажет. Ол күн қосымша хабарланатын болады. ҚТФ клубтық жүйесінде тіркелген клубтар үшін Age Group санатында 7 орын бөлінеді.

Ақысыз алдын ала тіркелу коронавирусқа қатысты құбылмалы жағдайға байланысты әрі сайыскерлерді артық шығынға батырмау мақсатында жүргізіліп отыр. Ұйымдастыру комитеті COVID-19 қатысты жағдайдың толықтай тұрақталмауына орай сайыстың басқа күнге ауысу мүмкіндігін немесе мүлдем болмай қалу ықтималдығы бар екендігін ескертеді.

Сұрақтарыңыз болса бізге тікелей direct-ке жазыңыз.

 

 


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi