«TEMIRADAM» Кубогы Финалына қатысу жарнасын қабылдауды бастаймыз!

10 September 2021

25-26 қыркүйекте Ақтауда болатын «TEMIRADAM» Кубогының финалына төлем қабылдау басталғандығын хабарлаймыз. Төлем осы хабарлама жарияланғаннан бастапғ 15 қыркүйек сағат 23.00 дейін қабылданады. Нұр-Сұлтан қаласының уақыты көрсетілген.

Осы сайысқа алдын ала тіркелген спортшыларды көрсетілген мерзімге дейін төлем жасауға шақырамыз.

Жеке есептегі сайысқа қатысу құны – 34999 тг (бір реттік лицензияны қоса алғанда), жылдық ҚТФ триатлет лицензиясының иегерлеріне – 29999 тг., эстафеталық командалар үшін – 52999 тг. (әр командадан).

Еске сала кетейік, сайыскерлер тізіміне тіркеу жарнасын төлеген спортшылар ғана енгізіледі. Тіркеуден өтіп, тіркеу жарнасын төлегеннен кейін 24 сағат ішінде www.temiradam.com сайтынан өзіңіз туралы деректердің дұрыстығына көз жеткізіңіз. Егер төлем жасағаннан кейін сіздің аты-жөніңіз тізімде шықпаса не деректердің бұрыстығын көрсеңіз, бізге тікелей хабарлама қалдырыңыз немесе info@triathlon.org.kz поштасына хат жіберіңіз.

Төлем www.temiradam.com сайтындағы жеке кабинетіңіздегі «Мои регистрации» бөлімі арқылы жүзеге асырылады.


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi