TEMIRADAM клубтық қозғалысының өкілдерімен кездесу

8 December 2021

Спорттық клуб өкілдерінің назарына!

ҚТФ TEMIRADAM клубтық қозғалысының өкілдерімен кездесу ұйымдастыруды жоспарлар отыр. Олнайн кездесу Zoom алаңында ҚТФ Президенті А.А. Қазтаевтың қатысуымен болады. Кездесу тақырыбы – ҚТФ Клубтық жүйесінің дамуы.

Бүгінгі таңдағы белсенді клубтардың басшылары мен қозғалысқа қосылғысы келіп жүрген өзге де спорттық клубтардың өкілдерін өнімді сұхбат жүргізуге шақырамыз.

Қатысу үшін анкетаны толтырып, info@triathlon.org.kz поштасына 17 желтоқсанға дейін жөнелту қажет. Анкетаны сілтемеден табуға болады.

 


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi