Ақтөбе облыстық триатлон федерациясы құрылды

10 May 2019

Ақтөбе облыстық триатлон федерациясының ашылғанын қуанышпен хабарлаймыз! Жаңадан ашылған федерация еліміздің батыс аймағында триатлонды дамыту және салауатты өмір салтын насихаттаумен айналысатын болады. Федерация басшысы ретінде ҚТФ бастамасымен өткізілетін триатлон жарыстарының белсенді қатысушысы, Ақтөбе облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы басшысы – Мирлан Мұхамбетов сайланды. Ал ТҰК «Қазхром» вице-президенті, әуесқой триатлет Серік Дөнбекбаев атқарушы директор болып сайланды.

Бүгінгі таңда әріптестеріміз World Class Ақтөбе фитнес-клубының негізінде Age Group санатындағы спортшыларға арнап жаттығу жұмыстарын ұйымдастырып үлгерген. Жаттығулар жүзуден спорт шеберлігіне үміткер, полиатлоннан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Алексей Вшивцев пен велоспорттан спорт шеберіне үміткер Андрей Сенацкий секілді бапкерлердің басшылығымен өткізіліп жатыр.

Федерацияның жуырда балалар секциясын ашумен қатар, жекелген стартты веложарыс, 150 км веложарыс, Swim Indoor Aqtobe, Kazchrome Duathlon, қалалық ашық чемпионат секілді жарыстар ұйымдастыру жоспарлары бар.

Жас @triathlonaqtobe өркендеуін тілейміз!

Жаттығулар жөнінде +7 747 622 94 97 телефон нөміріне хабарлассаңыздар болады.


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi