Нұржан Усипбеков триатлоннан ұлттық құраманың бас бапкері болып тағайындалды

28 January 2021

Нұржан Усипбеков триатлоннан ұлттық құраманың басбапкері болып тағайындалды. Бұның алдында ол ел командасының юниорлар құрамасын жаттықтырып келді. Усипбеков Андрей Глущенконың орнына келді.

Нұржан Бақытұлы Усипбеков – триатлон спортының шебері, Қазақстан чемпионаттарының жүлдегері. 2011 жылы М.О. Ауэзов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университетін тәмамдаған. Он бір жылдың бапкерлік тәжірибесі бар маман.

«Андрей Глущенконың басшылығы кезінде ұлттық құрама көптеген жетістікке жетті. Дегенмен Олимпиада ойындары болатын жылы үлкен жұмыс атқару қажеттігі бар. Соның ішіндегі бастысы – лицензия ұтып алу. Және де қыркүйек басына Нұр-Сұлтанда жоспарланған Азия чемпионатында барлық жүлделі орындарды жаулап алуды көздеп отырмыз. Бұл дегеніңіз маған бас бапкер ретінде үлкен жауапкершілік артады. Бірақ жақсы ойлау керек! Токиода біздің спортшыларымызға жанкүйер болып, астанамыздағы құрлықтық біріншілікте жеңіс тұғырына көтерілетіндігімізге кәміл сенемін. Сенім артқандарыңызға алғыс білдіремін!» , - деп пікірімен бөлісті жаңадан сайланған бас бапкер Нұржан Усипбеков.

 

 

 

 


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi