Триатлет лицензиясы 2022

22 January 2022

Еліміздегі триатлонсүйер қауым биыл TEMIRADAM Кубогы аясында жеті сайысқа қатыса алады. 2022 жылы қатысатын сайыстарыңызды жоспарлап қойғандарыңызға күмәніміз жоқ. Ал триатлет лицензиясымен елімізде болсын, алыс-жақын шетелде болатын триатлон жарыстарына қатысу ыңғайлы болмақ.

Триатлет лицензиясының маңызды артықшылықтары:

- ҚТФ лицензиясы World Triathlon және Ironman аясында өткізілетін барлық жарыстарға қатысуға жарамды. Бұл жарстарға бір реттік лицензия сатып алудың қажеттілігі болмайды.

- ҚТФ лицензиясы ақысын төлеген күннен бастап бір жылға жарамды. Маусым басында рәсімдесеңіз, жыл бойы уақытша куәлік туралы қам жеудің қажеттігі жоқ.

- Лицензия иегерлері ҚТФ басшылығымен өткізілетін (IRONMAN 70.3 Astana қоспағанда) жарыстарға тіркеу жарнасын төлемейді. Олар тек сөрелік қалта ақысын ғана төлейді.

Сонымен қатар, спортшылар бір жылдық немесе бір реттік лицензия рәсімдей алады. Бір жылдық лицензия бағасына сайыскерлерді бір жылға сақтандыру, сайысқа тіркелуге және ҚТФ серіктестерінің қызметтеріне арнайы жеңілдіктер кіреді.

Бір реттік лицензия бір сайысқа ғана ғана жарамды. Мұндай лицензияның бағасына сақтандыру кіреді. Бір реттік лицензияның бағасы тіркелу жарнасының ішінде қарастырылған.

Қазақстандық Триатлон Федерациясының бастамасымен немесе қатысуымен ұйымдастырылған сайстардың әрбір қатысушылары ҚТФ триатлет лицензиясын рәсімдеуге міндетті екендігін еске саламыз. 2022 жылы Age Group санатындағы спортшылардың бір жылдың лицензиясының құны - 20000 теңгені, бір реттік лицензияның құны – 5000 теңгені құрайды.

Бір реттік лицензия сайысқа тіркелу кезінде тікелу рәсімделеді. Жылдық лицензия ҚТФ ресми сайтындағы спортшының жеке кабинеті арқылы жасалады.


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi