Триатлет лицензиясы 2021

28 January 2021

Құрметті спортшылар!

Қазақстандық Триатлон Федерациясының бастамасымен немесе қатысуымен ұйымдастырылған сайстардың әрбір қатысушылары ҚТФ триатлет лицензиясын рәсімдеуге міндетті екендігін еске саламыз. 2020 жылғы сайыстардың болмағандығына байланысты лицензиялары 31.12.2020 жылға дейін жарамды Age Group санатындағы спортшылардың лицензиялары автоматты түрде 31.12.2021 жылға дейін создырылды. Лицензияның өзін жаңартудың қажеті жоқ.

Сонымен қатар, спортшылар бір жылдық немесе бір реттік лицензия рәсімдей алады. Бір жылдық лицензия бағасына сайыскерлерді бір жылға сақтандыру, сайысқа тіркелуге және ҚТФ серіктестерінің қызметтеріне арнайы жеңілдіктер кіреді.

Бір реттік лицензия бір сайысқа ғана ғана жарамды. Мұндай лицензияның бағасына сақтандыру кіреді. Бір реттік лицензияның бағасы тіркелу жарнасының ішінде қарастырылған.

2021 жылы Age Group санатындағы спортшылардың бір жылдың лицензиясының құны - 20000 теңгені, бір реттік лицензияның құны – 5000 теңгені құрайды. Бір реттік лицензия сайысқа тіркелу кезінде тікелей рәсімделеді. Жылдық лицензия ҚТФ ресми сайтындағы спортшының жеке кабинеті арқылы жасалады.

 


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi