TEMIRADAM 2022: тіркелу ашық!

27 January 2022

Age Group және Pro санатындағы спортшыларды Қазақстандық Триатлон Федерациясының бастамасымен2022 жылы өткізілетін сайыстарға қатысуға шақырамыз. Қазақстандық спортшыларды сәуір мен қыркүйек аралығында триатлоннан жеті жарыс пен  үш Challenge сайысы күтуде.

Бұл маусымда сіздерді мынадай жаңалықтар күтуде: Талдықорғанда болатын екінші сайыста «пирамида» дистанциясы, астанада болатын бесінші сайыстағы эстафета, паратриатлоннан ел біріншілігі, Түркістан, Бурабай мен Нұр-Сұлтанда үш Challenge сайыстары, сонымен қатар, бұрын соңды республикалық сайыстар өткізілмеген жаңа қалалар мен орындар.

Және де бір қызықты жаңалық: бір жылдық жеке есептегі сайыстарға бірден тіркелген ҚТФ лицензия иегерлеріне қосымша 10% жеңілдік беріледі.

Сайыстарға тіркелу үстіміздегі жылдың 27 қаңтарында ел астанасының уақытымен сағат 19.00 www.temiradam.com сайтында ашылады. Тіркелу жарнасының құны, сайысқа орын саны мен басқа да маңызды ақпарат әр сайыстың астындағы «Ақпарат» батырмасы бойынша жарияланған. Сайысқа тіркелу үшін міндетті түрде жеке кабинет ашуыңыз қажет. Жеке кабинет арқылы сайыс нәтижелері мен рейтингті бақылауға болады. Осы жылғы рейтингтік ұпайларды үлестіру кестесі сілтемеде берілген.

Ұйымдастыру комитеті сайыстардың болмай қалуын немесе басқа уақытқа өзгертілуі мүмкін екендігін ескертеді, себебі COVID-19 байланысты жағдай толықтай тұрақтанбады.Тіркелуге қатысты барлық сұрақтарыңызды info@triathlon.org.kz электронды поштасына жөнелтсеңіз болады.


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi