Триатлоннан Азия кубогі – Алматыдағы 2019 жыл спорт маусымының басты оқиғасы

29 July 2019

3-4 тамызда Алматыда екінші рет триатлоннан Elite санатындағы (кәсіпқой) спортшылар арасында халықаралық дода – «2019 ASTC Almaty Triathlon Asian Cup» Азия кубогі өтеді. Аталмыш сайысAlmaty Triathlon Federation және Қазақстан Триатлон Феедерациясы, «Самрұқ-Қазына Ұлттық әл-ауқат қоры», ҚР мәдениет және спорт Министрілігі, ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитеті және Алматы қаласының әкімдігінің қолдауымен өткізіледі.

Оңтүстік астанамызда құрлықтық кубокты өткізу мүмкіндігі  -  Қазақстан Триатлон Федерациясы мен Триатлон Халықаралық Одағының (ITU)Қазақстан Республикасында триатлон спортын дамыту, сондай-ақ, танымалдылығын арттыру мақсатында бірлесе отырып атқарған жұмыстарының нәтижесі.

Сонымен қатар, аталмыш сайыс аясында Age Group (әуесқойлар) санатындағы спортшылар «TEMIRADAM» Кубогінің VIII кезеңінің рейтингтік ұпайларын ортаға салатын болады.

Ақпараттық қолдау: ҚР мәдениет және спорт министрлігінің Дене шынықтыру және спорт бойынша Комитеті, «Алаш медиа групп», Vesti.kz, Tenginews.kz, Massaget.kz, WeprojectMedia.

 

3 тамызда Elite санатындағы спортшылар арасындағы сайыс «триатлон» дисциплинасында «спринт» қашықтығында өтетін болады. Қашықтық үш кезеңнен тұрады:

750 м жүзу + 20 км веложарыс + 5 км жүгіру.

Сайыстың басталуы: 08.00 сағ.

Марапаттау рәсімі: 12.40 сағ.

Өткізу орны: Алматы қаласы, Сайран көлі

Сайыстың техникалық делегаты - Mr. ByambaaTsagaanbaatar (Моңғолия)

Сайыстың бас төрешісі – Ольга Блохина (Өзбекстан)

Сайыстың ресми веб-парақшасы:www.almatytriathlon.kz.

Әлемнің түрлі елдерінен 130-ға жуық спортшы келеді деп күтілуде.

 

4 тамызда Age Group (әуесқой) арасындағы«TEMIRADAM» Кубогі VIII кезеңінің старты.

«Стандартты» қашықтық үш кезеңнен тұрады:

1500 м жүзу + 40 км веложарыс + 10 км жүгіру.

Сайыстың басталуы: 09.00 сағ.

Марапаттау: 14.00 сағ.

Өткізу орны: Алматы қаласы, Сайран көлі

Сайыстың бас төрешісі – жоғарғы санаттағы төреші Сергей Кобзев (Шымкент)

Жеке есепте 250 әуесқой спортшы және 10 эстафеталық команда қатыспақ.

 

Анықтама

Триатлон – жүзу, веложарыс және жүгіру секілді жекелеген спорт түрлерінен құралған мультиспортты жарыс болып табылатын циклдық олимпиадалық спорт түрі. Триатлон кезеңдерін спортшылар кезекпен және үзіліссіз бағындырады. Халықаралық деңгейде триатлон Халықаралық Триатлон Одағының (ITU) ережелерімен реттеледі.

ASTC AsianCup–Азиялық Триатлон Конфедерациясы (ASTC) аясында өткізілетінкубоктар сериясы.

 

Сайыс туралы толық ақпарат іс-шараның ресми веб-парақшасында www.almatytriathlon.kz.

 

«ALMATYTRIATHLONFEDERATION» ҚБ

Алматы қ., әл-Фараби даңғылы, 36, «AFD» ғимараттар кешені, «В» блогы, 3 қабат

+7 727 346 85 64, +7 702 677 42 80 (баспасөз хатшы Андрей Зубов)


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi