ҚТФ Клубтық жүйесі 2021 жылға қалдырылды

11 June 2020

2020 жылдың басында жарияланған Қазақстандық Триатлон Федерациясының «TEMIRADAM» Кубогы аясындағы Клубтық жүйесін енгізу COVID-19 пандемиясына байланысты келесі жылға қалдырылды.

Еске сала кетейік, 11 наурызда ҚТФ Клубық жүйе енгізетіні туралы жариялаған болатын. Аталмыш жүйе ережелеріне сай рейтингтік жүйеге Қазақстан үшін спортшыларды жаңа  санаты – PRO енгізілді. Олар бір клубтың мүшесі бола тұрып тек рейтингтік ұпайлар және орындар үшін ғана емес, ақшалай сыйлық үшін сайыса алатын болады. Ал Ақтаудағы ақтық сайыста тек ең мықтылары додаға түсе алады.

Клубтық жүйе жайында толығырақ мына сілтемеден оқыңыздар.


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi