Триатлон клубтарын тіркеуді ашық деп жариялаймыз

29 January 2021

Қазақстандық триатлон клубтарын ҚТФ клубтық жүйесіне қатысуға шақырамыз. Триатлон мен спортты жаныңыз сүйер мықты спортшылар тобы болсаңыз, тіркеуден өтіп, қызықты додаға түсуге шақырамыз.

Клубтар мен олардың мүшелері Age Group және PRO санаттарында “TEMIRADAM” Кубогы үшін додаға түседі. Ал PRO санатындағы рейтингтегі мықты споршылар кубоктың әр кезеңі мен жыл соңында қаржылай жүлдеге ие болады.

Клубтарды тіркеу екі кезеңнен құралатын болады. Бірінші кезеңдік тіркеуден өту үшін профиль басындағы сілтемеден өтіп, берілген форманы толтыру қажет.

Толық ақпарат www.temiradam.com сайтында көрсетілген.

 

 


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi