САТА ақтық сайысы Душанбе қаласында

13 February 2020

Триатлон өз географиясын кеңейтіп, Орталық Азияда танымал спорт түріне айналып келеді. Барлығымыз білетіндей, жаңа сайыстар күнтізбесіне сәйкес, 2020 жылы Орта Азиялық Триатлон Ассоциациясының (САТА) бастамасымен Қырғыз Республикасында, Өзбекстан мен Қазақстанда бірнеше дода өтеді. Бұл тізімге Тәжікстан да қосылды. САТА аясындағы сайыстар сериясының финалы Самарқандтан Душанбеге ауыстырылды.

Дода тәжік астанасында  +20-24°С жылы да күншуақты ауа райы күтілетін күзде – 10-11 қазанда өткізілмек. Бірінші сайыс күні  Elite санатындағы спортшылар сайыс алаңына шықса, екінші күні Age Group спортшылары шығады деп жоспарланып отыр.

Әуесқой спортшылар кәсіпқойлар өткен трассаны сынау мүмкіндігін ғана алып қоймай, Азияның рухы сезілетін, Тәжікстанның мәдени және экономикалық орталығында қонақтай алады.  


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi