Eurasian Resources Group (ERG) - Қазақстандық Триатлон Федерациясының ресми бас серіктесі

13 February 2020

Eurasian Resources Group (ERG) Қазақстандық Триатлон Федерациясының ресми бас серіктесі болғандығын қуана хабарлаймыз.

Eurasian Resources Group (ERG) – өндіріс саласында ғана емес, әлеуметтік жауапкершілік те көшбасшы әрі қазақстандық олимпиадалық спортшылардың дәстүрлі серіктесі. Компания көптеген жылдар бойы қазақстандық спортқа және отандық спортшыларға қолдау көрсетіп келеді. 2012 жылы Лондонда өткен жазғы олимпиадада серіктесіміз қазақстандық спортшыларға спонсорлық етті. Одан бөлек, компанияның өндіріс орындары түрлі аймақтардағы спорттық нысандарды күту шығындарына мен жаңа спорт нысандарын салуға қаржы бөліп келеді.

Еуразиялық топтың кәсіби спортқа көрсетіп келетін қолдауын ерекше атап өткен жөн. Компания жыл сайын еліміздің түрлі аймақтарындағы футбол, волейбол және хоккей клубтарын дамыту мақсатында айтарлықтай көп қаржы бқліп келеді. Енді ERG спонсорлық қаржысы Қазақстандағы триатлонды дамыту мен танымал етуге бағытталатын болады.

 

 

 


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi