Үлкен триатлон Алматыда!

12 May 2021

2021 жылдың 12-13 маусымында Алматыдағы Сайран көлінде екі ірі триатлон сайыстары өтеді – Elite санатындағы спортшылар арасында Триатлоннан Қазақстан Республикасы Чемпионаты және Pro и Age Group спортшылары арасында «TEMIRADAM» Кубогының ІІ кезеңі.

Сайыс ұйымдастырушылары – «Қазақстандық Триатлон Федерациясы» және «Almaty Triathlon Federation» қоғамдық бірлестіктері.

«Самрұқ-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Sport Qory» спорт және туризм индустрисын қолдау қоры, Eurasian Resources Group компаниялар тобы, «Samruk Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры және Алматы қаласының әкімдігі.

12 маусымда сайыс Elite санатындағы спортшылар арасында спринт қашықтығында өтеді. Қашықтық үш кезеңнен құралады: 750 м жүзу + 20 км вело + 5 км жүгіру.

Сайыстың басталуы: сағат 8.00

Марапаттау рәсімі: сағат 15.50

Сайыстың бас төрешісі: Михаил Кузнецов

Іс-шараның ресми сайты: www.triathlon.org.kz

13 маусымда Pro және Age Group санаттарындағы спортшылар арасында «TEMIRADAM» Кубогының ІІ кезеңі өтеді.

Стандартты қашықтық үш кезеңнен құралмақ: 1500 м жүзу, 40 км велодода және 10 км жүгіру.

Сайыстың басталуы: сағат 10.00  

Марапаттау рәсімі: сағат 12.30

Бас төреші: Михаил Кузнецов

Сайыстың мақсаты мен міндеттері:

- салауатты өмір салтын насихаттау;

- Қазақстан Республикасында триатлонды дамыту және танымал ету;

- балалар-жасөспірімдер спортын дамыту;

- ҚР ұлттық құрамасына кадрлық резерв қалыптастыру;

- спорт төрешілері, бапкерлер мен спортшылардың біліктілігін арттыру.

 

Анықтама

Триатлон – жүзу, жүгіру және велоспорттан құралған кезеңдерді үзіліссіз өтуді қажет ететін мультиспортивтік спорт түрі.

«TEMIRADAM» - ҚТФ ұйымдастырған бірнеше кезең және финалдан тұратын кубок. «TEMIRADAM» кубогының иегері деп бір сайыс жылының ішінде өз жас тобы мен гендерлік санатында өзгелерден көбірек рейтингтік ұпайлар жинаған спортшыны айтады.

Қазақстандық Триатлон Федерациясыкәсіби және әуесқойлық триатлонды, әлемдік триатлонда ілгері орынды алу және Қазақстан Республикасында салауатты өмір салтын насихаттауды көздеген қоғамдық ұйым.

 

Мекен жай: 010000, ҚР, Нұр-Сұлтан қ., Қабанбай батыр даңғылы, 53

Телефон: +7 777 306 77 11

Сайт: www.triathlon.org.kz

E-mail: info@triathlon.org.kz, media@triathlon.org.kz.

 

 

 

 

 


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi