Асылжан Достияров ҚТФ Вице-президенті лауазымына тағайындалды

13 April 2022

Федерация қызметінің спорттық ғылым саласындағы жаңа бағытының ашылуына байланысты және де аймақтардағы триатлонның әрі қарай дамуын үйлестіру мақсатымен Федерация басшылығының шешімімен ҚТФ Президенті кеңесшісі Асылжан Алмазович Достияров Қазақстандық Триатлон Федерациясы Вице-президенті лауазымына тағайындалды.

Асылжан Алмазович – 44 жасар жоғары білімді маман, Назарбаев Университеттің Іскерлік әкімшілік магистрі, белсенді триатлоншы, Ironman сайыстарының бірнеше дүркін мәрегері. Бұрын ҚТФ атқарушы директоры, одайн кейін ҚТФ президенті кеңесшісі қызметін атқарған.

#triathlonorgkz командасы Асылжан Алмазовичті жаңа лауазымымен құттықтап, еліміздегі триатлонды дамытуда сәттілік тілейді!


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi