Шымкент-Ташкент додасына 80 қосымша орын!

19 February 2020

Қымбатты достар!

Көптеген сұраныстар бойынша, CATA Intеrnational Triathlon маусымның ашылуы - CATA Intеrnational Triathlon додасындағы жеке есепте 80 қосымша орын ашылғандығын жариялаймыз. Барлық техникалық және ұйымдастырушылық сұрақтарды, сонымен қатар, сайыстың ерекше форматын ескере отырып, бөлінген орын саны бізге сайысты сапалы өткізуге, ал сіздің ешнәрсеге алаңдамай жайлы сайысуыңызға мүмкіндік береді.

Сайысқа қосымша орындар бойынша тіркелу 20 ақпанда Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 12.00-де ашылады.

Тіркелу құны – 10 000 KZT

Еске сала кетейік, сайысқа тіркелу үшін міндетте түрде жеке кабинет ашуыңыз қажет. Жеке кабинетіңіз арқылы біз сайыстарыңыз, нәтижелеріңіз, рейтингтік ұпайларыңыз бен басқа да ақпаратты жүйелейміз. Көпшілік тіркелудің кезінде жеке кабинет ашумен қатысты қиындықтар туындамас үшін алдын ала жеке кабинет ашып қоюға кеңес береміз.

Сайысқа тіркеліп, тіркелу ақысын төлеп үлгермеген спортшыларға қайта тіркелудің қажеті жоқ. Жеке кабинетіңізге кіріп, сайыс жолағында орнатылған «Оплатить» батырмасын бассаңыз жеткілікті.

Барлық сұрақтар бойынша info@triathlon.org.kz поштасына жазыңыз.

 

 

 

 

 

 

 

 


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi