Шымкент-Ташкент додасының жеке есептегі сайысына тіркелу жабылды

15 February 2020

Қымбатты достар!

Шымкент-Ташкент додасының жеке есептегі сайысына тіркелу адам санының толуына байланысты мезгілінен бұрын жабылды. Сіздердің тіркеліп, тізімді толтыруларыңыз үшін 3 сағаттан аз уақыт қажет болды.

Эстафеталық командаларға 30 орын қалды. Жеке есептегі қалған орындар бүгін техникалық себептер бойынша онлайн төлейм төлей алмаған Өзбекстан мен Қырғыз Республикасының спортшыларына қалдырылды. Бұл жағдайға түсіністікпен қарауларыңызды өтінеміз.

Эстафеталық командалар үшін тіркелу www.cata-triathlon.org бойынша қолжетімді.

Белсеніділік танытқандарыңыз үшін үлкен алғыс білдіреміз!

 


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi