Шымкент-Ташкент – Тіркеу ашық!

15 February 2020

2020 жылғы маусым - қызу маусым болғалы тұр! Бұл мусым Токиода болатын Олимпиада ойындарының есебінен ғана емес, Орта Азиялық Триатлон Ассоциациясының (САТА) бастамасында 5 халықаралық жарыс пен астанамызда болатын Ironman 140.6 Kazakhstan есебінен де қызу таласқа толы болмақ. Маусымының бірінші сайысы -  CATA International Triathlon додасына тіркеу ашық деп жариялаймыз!

12 сәуірде бұл үлкен де тарихи доданың әрбір қатысушысы Шымкенттегі Жайлаукөл көлінде 1200 м жүзіп, Шымкенттен Ташкентке қарай 1290 км велододаны жүріп өтіп, Өзбекстан астанасының орталығында 12 км жүгіру кезеңін бағындырмақ.

Сайысқа тіркеу 2020жылдың 15 наурызында Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 23.00-де немесе сайыскерлер саны толған кезде жабылады.

Сайыскерлер саны шектеулі: жеке есепте 120 және командалық есепте 30.

Жеке есептегі сайыскерлер үшін тіркеу құны – 10 000 KZT, Эстафеталық командаларға – 30 000 KZT.

Сайысқа САТА ресми сайтында тіркеле аласыз - www.cata-triathlon.org.

Тіркелу сілтемесі био-дағы сілтемеде.

Сұрақтарыңыз болса direct не info@triathlon.org.kz электронды поштасына жолдаңыз.


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi