Құрметті достар! Нұр-Сұлтан қаласында триатлоннан Әлем кубогінің аясында өтетін “TEMIRADAM” Кубогінің IV кезеңіне тіркелу мерзімінен бұрын жабылды! Алдын ала тіркеуден өткен триатлеттерімізге үлкен алғыс білдіреміз! Доданың басталуына екі апта қалғанда слоттарды сатып, сөрелік тізімді толтыру – ұжымымыздың жұмысына берілген ең жоғары баға! Рахмет!

31.05.2019

Бүгін шырайлы Шымкентте әлемдік деңгейдегі спортшылар бас қосты. Азиялық Триатлон Конфедерациясының (ASTC) бастамасымен Жайлаукөл паркінде қала тарихындағы алғашқы триатлоннан құрлықтық турнир - Shymkent Triathlon Asian Cup өтті. Әлемнің 14 еліненкелген Elite санатындағы 45 спортшы осы тарихи сайыстың жеңімпаздары атағы үшін додаға түсті. Бір күн бұрын...

25.05.2019

Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан және де Түркістан, Қостанай облыстарынан келген 20 жергілікті триатлон федерацияларының өкілдері; сонымен қатар, Қырғыз Республикасы триатлон федерациясының өкілдері ITU техникалық делегаттарын оқыту семинарына (Technical Official Seminar, Level 1) қатысты. Шымкенттегі триатлоннан Азия Кубогінің алдында өткізілген тренинг техникалық делегаттардың (төрешілер) ұлттық және...

23.05.2019

Бүгін Шымкент қаласында өткелі отырған триатлоннан Азия Кубогіне арналған ресми баспасөз конференциясы өткізілді. Конференцияда ҚТФ спорттық директоры Сергей Майер мен сайыстың бас демеушісі «Shymkent» ӘКК» АҚ баспасөз хатшысы Сайра Амантаева қатысты. Жиынға қатысқан ресми өкілдер Шымкенттегі алғашқы халықаралық сайысқа дайындық жұмыстарының жүргізілу барысы жайында сөз...

23.05.2019

23 мамырда сағат 12.00 "Kainar Hotel" (Бәйдібек би к-сі, 126) қонақүйінде триатлоннан өтетін «Shymkent ASTC Triathlon Asian Cup» Азия кубогіне арналған баспасөз конференциясы болады. Баспасөз конференциясында әлемдік деңгейдегі кәсіби спортшылар мен ұйымдастыру комитетінің мүшелері қатысады. Еске сала кетейік, 25-26 мамырда Шымкентте «Shymkent ASTC Triathlon Asian...

21.05.2019

Триатлоннан Shymkent Asian Cup  құрлықтық Азия Кубогінің Age Group санатындағы қатысушыларына арналған жарыс алды брифинг 25 мамыр күні сағат 18.00-де болады. Мекен жайы: Шымкент қаласы, Бәйдібек би даңғылы, 126/1, «Kainar» Бизнес орталығы, конференц зал, 1-қабат. Әрбір спортшы брифингке қатысуға міндетті! Брифингке қатыспаған спортшыларға сөрелік нөмірлер...

21.05.2019
Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi