Нұр-Сұлтанда жолдардың жабылуы туралы

5 June 2019

Құрметті астана тұрғындары мен қонақтары!

 

2019 Nur-Sultan ITU Triathlon World Cup атты триатлоннан Әлем кубогінің өткізілуіне байланысты қаладағы бірнеше орталық көшелер жабылады.

Триатлоннан өтетін халықаралық турнир 14-16 маусым аралығында өтеді; бұл уақыт аралығында таңнан бастап түске дейін бірнеше көшелерде жол қозғалысы тоқтатылады.

14 маусымда 15.00 сағ. пен 17.00 сағ. аралығында, 15 маусымда 05.00 сағ. пен 14.00 сағ. аралығында, 16 мауысмда 06.00-ден 15.00-ге дейін Б.Момышұлы, А.Тоқпанов, Сарайшық, Мәңгілік ел, Шалқыма және Шарль де Голь көшелерінде көлік қозғалысы шектеулі немесе толықтай жабық болады.

Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз!


Сайыстар күнтізбесі