ҚР триатлон тарихы

1992 жылы жаңа спорт түрінің пайда болуына байланысты көптеген спортшылар жаңа спорт түрінде өз күштерін сынап көруге бел буды. Дмитрий Гааг та осындай шешім қабылдап, кәсіби саласын ауыстырып, өзі үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, жаңа биіктерді бағындыра бастады. Ол осы ауыр жолда Қазақстанның ізашары, мұзжарғышы бола білді. Ешбір адам Дмитрийдің әлемдік деңгейдегі үздік спортшы атанып, отанымыздың мақтанышы атанарын ойламады.

 

2000 жылы Сиднейдегі  Олимпиада ойындарының бағдарламасына триатлон алғаш рет енгізіліп, Дмитрий Гааг жүлделі орынға бір қадам жете алмай, 4-ші орыннан көрінді. Сиднейде өткен бұл Олимпиада ойындарында Қазақстан намысын тек қана Дмитрий Гааг қана емес, Шымкент триатлон мектебінің тәлімгері Михаил Кузнецов та қорғаған болатын. Дмитрий Гааг пен Михаил Кузнецов күншығыс елінде өткен құрлықтық біріншілікте жүлдегер атанып, бұл үлкен жарыста ел намысын қорғау құқығын жеңіп алған болатын. 2004 жылғы Афинада өткен ойындарда кішігірім қиындықтардың кесірінен алдыңғы нәтижелерін көрсете алмай, 25-ші орыннан көрінді.

Павел Артюшенко: көпсайыстан Әлем Кубогінің екі рет қола жүлдегері (1995 және 1997); көпсайыстан Әлем чемпионатының қола жүлдегері (1996); Азия кубогінің үш дүркін күміс жүлдегері, триатлоннан Азия чемпионатының алтын және күміс жүлдегері (1998-1999); көпсайыс пен триатлоннан Қазақстан Республикасының чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпазы; триатлоннан жеке және командалық есепте Ресей кубогінің күміс жүлдегері (2003). Кейінірек Павел триатлонға ауысып, жаңа биіктерді бағындыра бастады.

 

Сонымен қатар, Ақмола облыстық триатлон мектебінің отандық триатлонды дамытуға қосқан үлесін ерекше атап өткен жөн. Ақмола облыстық мектебінің түлектерінің басым көпшілігі ел намысын қорғаған мықты спортшылардың қатарынан көріне білді.

 

Дмитрий Гаагтың триатлондағы жетістіктері:

1996 жыл – Гамильтонда өткен ITU Әлем кубогінде 1-ші орын;

1997 жыл – Сиднейде өткен ITU Әлем кубогінде 4-ші орын;

1998 жыл – Дьёр қаласында өткен ЕTU Еуропа кубогінде 1-ші орын;

1999 жыл – Сокчода өткен Азия чемпионатында, Дьёр қаласында өткен Еуропа кубогінде, Монреальде өткен ITU Әлем чемпионатында 1-ші орын;

2000 жыл – Рио-де-Жанейрода өткен ITU Әлем кубогінде 1-ші орын;

2001 жыл – Палермода өткен ITU  Еуропа кубогінде 1-ші орын;

2002 жыл - Аланьяда өткен ITU  Еуропа кубогінде 2-ші орын.

 

2005-2010 жылдар аралығындағы сайыстық маусымда әлемдік деңгейдегі азия және әлем чемпионаттарында, кубоктік біріншіліктерде сынға түскен қазақстандық спортшылар жалпы саны 65 медаль, оның ішінде 27 алтын, 22 күміс, 16 қола жеңіп алған.

 

2003 жылы Түркияда өткен Еуропа кубогінің ақтық сайысында Д. Гааг (1-орын), Сапунов Д. (2-орын) жеңісті болды. Осы жылы Дмитрий Гааг Жапониядағы Әлем кубогінің чемпионы атанса, Дмитрий Смуров Қытайда өткен Әлем кубогінің күміс жүлдегері атанды. Бурабайда өткен Азия кубогінде Д. Гааг жеңімпаз атанып, Д. Сапунов үшінші орыннан көрінді. Д. Гааг Португалияда өткен Әлем кубогінің жеңімпазы атанды ( 3-орын).

 

2004 жылы Д. Смуров Еуропа кубогінің ақтық сайысында (Түркия) жеңімпаз атанды. Бурабайда өткен Азия кубогінде Д. Гааг 1-орын иеленсе, Д. Сапунов 2-орын, Д.Смуров 3-орыннан көрінді. Д. Гааг Кореяда өткен Әлем кубогінде жеңімпаз атанса, Португалияда өткен Әдем чемпионатында қола жүлдеге ие болды. Филиппиндегі Азия чемпионатында: 1-орын – Д. Гааг, 2-орын – Д. Сапунов.

2005 жылы Дмитрийй Гааг Аланияда өткен Еуропа кубогінің финалында күміс жүлдегері, Венгриядағы Әлем кубогінің чемпионы; Д. Сапунов – Жапонияда өткен Әлем чемпионатында күміс жүлдегері.

 

2006 жылы Олимпиада ойындарына бағытталған рейтингтік сайыстарға қатысу, Лозаннада өткен Әлем чемпионатының кезеңіне, Швейцарияда өткен Әлем кубогінің кезеңіне, Венгрияда өткен Әлем кубогіне, Қытайда өткен Азия чемпионатына, Сингапурда өткен Азия кубогіне қатысты.

 

2007 жылы Канкунда өткен Әлем кубогінде, Түркияда өткен Еуропа кубогінің ақтық сайысында, Гонконгта өткен азия кубогінде, Германияда өткен Әлем чемпионатында және Кореяда өткен Азия чемпионатында бақ сынады.

 

2008 жылы Олимпиада ойындарының қатысушылары Д.Сапунов, Д. Гааг Қытайда өткен Азия кубогінде 1 және 2 орындар иеленді. Д. Сапунов Қытайда өткен халықаралық сайыстардың, Ванкуверде өткен Әлем чемпионатының, Еуропа кубогінің финалының қола жүлдегері атанды. Сонымен қатар, Д. Сапунов АҚШ пен Венгриядағы Әлем кубогіне, Азия және Еуропа кубоктеріне қатысты.

 

2009 жылы Бангокта өткен Азия кубогінде Әлем чемпионатында (Жапония), Азия чемпионатында (Оңтүстік Корея) жалпы командалық есепте үшінші орын иеленді. Көкшетауда өткен Еуропа кубогінің финалында сынға түсті.

 

2010 жылы Көкшетауда өткен ITU Азия кубогінде Д. Смуров 1-орын алды. 2015 жылы Алматыда қазақстандық әуесқой спортының тарихында алғаш рет әуесқойлар арасында чемпионат өткізілді. Мұнда бірінші рет кәсіби спортшылар мен әуесқой спортшылар қатарласа жарысты. Әуесқой спортшылардың көбісі өмірлерінде бірінші рет спорт велосипедтеріне отырып, кейбіреулері жүзу сайыстарына қатысты. Мұның барлығы бұқаралық спорт мәдениетін қайта жаңғырту мен салауаттандыру құралы ретінде Қазақстанда триатлонды дамыту мақсатымен атқарылған жұмыс болып табылады. Сайыста еліміздің түпкір-түпкірінен жиналған және де Қырғыз Республикасы, Ресей секілді елдерден келген шет елдік 150-ден астам спорт сүйер қауым қатысты. 2015 жылы ҚТФ өз бастамасымен 9 спорттық іс-шара өткізіп, өзінің ең жас қарынды дамып келе жатқан қоғамдық ұйым екенін дәлелдеді.

 

2016 жылы 12 жарыс өткізілсе, 2017 жылы 13 (соның ішінде 1 халықаралық) жарыс өткізілді.

 

2018 жылы 14 жарыс, оның ішінде ITU World Cup , Asian Cup, Ironman 70.3 секілді маңызды сайыстар ұйымдастыру жоспарланып отыр.