ITU World Cup Astana 2019 басталуына 100 күн қалды

7 March 2019

15-16 маусымда Астана триатлон паркінде болатын үстіміздегі маусымның ең басты оқиғасы - триатлоннан Әлем кубогі «ITU World Cup Astana 2019» басталуына 100 күн қалды! Бүгіннен бастап біз ITU World Cup Astana 2019 ресми парақшасын http://wcastana.triathlon.org.kz/ ашық деп жариялаймыз! Бұл парақшада тіркелу, маршрут, қонақүйлер, ресми серіктестер туралы және т.б. барлық қажетті ақпаратты табуға болады. Тіркеуден өтіп, әлемдік деңгейдегі спортшылармен бірге ұмытылмас уақыт өткіз! Сонымен қатар, бұл сайыс аясында көптеген іс-шаралар ұйымдастырылмақ! Жаңалықтарымыздан қалыс қалма!

 


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi