Бүгін Ташкентте спринт қашықтығындағы триатлоннан Азия кубогы өтті. Кубок World Triathlon және Asia Triathlon бастамасымен Узэкспоорталығында өткізіліп, онда әлемнің 10 елінен келген 35 спортшы бақ сынады. Ташкенттің ауа райы сайыскерлерді әбден сынап алды: таңнан бастап жаңбыр құйып, ауа термпературасы 10.6°C болса, су температурасы 16.5 °C...

9.10.2021

Бұл жылы Қазақстандық Триатлон Федерациясы өз тарихында алғаш рет клубтық жүйені іске қосқан болатын. Кәсіби және әуесқой спортшылар ресми түрде клуб ұйымдастырып, TEMIRADAM кубогының клубтық есебіне қатыса бастады. Алғашқы маусымда барлығы алты клуб сайысқа түскен болатын: ERG Team, Nomad TriClub, MIRONTRIATHLONTEAM, Ironqazaqstan, World Class Almaty...

27.09.2021

Ақтауда финал өтіп жатқан уақытта, Зимбабвенің Ньянга қаласында триатлоннан өткен Африка кубогында ұлттық құрама мүшесі Аян Бейсенбаев топ жарды. Ол спринт қашықтығын 1:01:18 уақытта бағындырып, Elite санатында алтын жүлдеге ие болды. Екінші және үшінші орындарды Марокконың спортшылары алды: Джавад Абдельмула (1:01:44) мен Бадр Сиване (1:04:18)....

26.09.2021

Бүгін Каспий теңізінің жағалауында триатлоннан ҚР Ашық кубогының финалы өтті. Сайыста стандартты және спринт қашықтықтарында Elite, U23 және U19 санатындағы спортшылар сынға түсті. Ақтау сайыскерлерді дауылмен қарсы алды; соның себебінен сайыс жарты сағатқа кеш басталды. Ау температурасы 19 °C ұстап тұрса, су температурасы 17.7 °C...

25.09.2021

25 қыркүйекте Каспий теңізінің жағалауында триатлоннан республикалық сайыстардың ақтық кезеңдері басталады. Бұл күні сайыс алаңына олимпиадалық қашықтықтағы ҚР Ашық кубогы финалының аясында Elite және U23 спортшылары сынға түспек. Он тоғыз жасқа дейінгі спортшылар спринтерлік қашықтықта сайысады. 26 қыркүйекте бірден екі сайыс өткізіледі – кәсіби спортшылар...

20.09.2021

Бүгін Чолпон-Атада спринттег триатлоннан Азич чемпионаты өтті. Құрлықтық біріншілікте Elite және U15 санаттарындағы алпыс спортшы спринт және суперспринт қашықтықтарында сынға түсті. Қазақстан атынан шыққан спортшылар әрбір санатта бақ сынады. Әйелдер арасындағы сында қазақстандық Екатерина Шабалина күміс жүлдегер атанды. Ол олимиадалық қашытқтық бойынша Азия чемпионатындағы үздік...

18.09.2021

Атақты Олимиада чемпионы, Қазақстандық Триатлон Федерациясының құрметті мүшесі Александр Винокуров Ironman 70.3 Nice додасында өз жас тобына бірінші орын алып, жеңісін Қазақстан тәуелсіздігінің отыз жылдығына бағыштады. Кеше Періштелер бұғазы аталып кеткен француздың Ницца қаласында Ironman 70.3 додасы өтті. Сайыскерлер 1900 м жүзу, 90 км велодода...

13.09.2021

Сайысқа Бруней, Иран, Казахстан, Қырғызстан, БАӘ, Палестина, Өзбекстан мен Жапониядан келген  и Японии Elite және U15 санаттарындағы 60 спортшы қатысқалы отыр. Elite спортшылары спринт қашықтығын (750 м жүзу, 20 км вело, 5 км жүгіру) бағындыратын болса, юниорлар суперспринтте (300 м жүзу, 8 км вело, 2...

13.09.2021

Қапшағайда екінші сайыс күні мәресіне жетті Бүгін Қапшағайда триатлоннан ҚР ашық Чемпионаты аясында өткізілген екінші сайыс күні мәресіне жетті. Сайыс алаңына Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақмола, Қостанай және Түркістан облыстарынан келген түрлі санаттардағы 95 спортшы шықты. Қапшағайдың ауа райы кешегіге қарағанда жайлы болып, бүгін сайыскерлер жүзуге...

12.09.2021

Бүгін Қапшағайда Elite санатындағы спортшылар арасында триатлоннан ҚР Ашық кубогының екінші кезеңі өтті. Сайыскерлер стандартты қашықтықта сайысулары керек еді, алайды таңнан көтерілген дауыл төрешілерді жүзу кезеңін болдыртпауға мәжбүр етті. Сайыс форматын дуатлонға ауыстырып, спортшылар 5 км жүгірді, 40 км велосипедпен сайысып, 10 км жүгірумен мәреге...

11.09.2021
Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi